«Грэмми» марапаты өқызыл кілемін жайды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемнің ең беделді, музыкалық «Грэмми» марапаты 62-ші рет үздіктерді анықтады! Көптен күткен кеш әдеттегідей қызыл кілем салтанатынан басталды.

Ең қызығы, арнаулы жолақта алғаш болып, ата-анасын ерте келген Ариана Гранде бой көрсетті. Еске салсақ, өткен жылы сылқымға «Грэмми» продюсерлері қалаған әнін орындатқызбай, өкпесі қара қазандай болған ару шараға байкот жариялаған-ды. Алайда, байқағанымыздай Арианенің ашуы шай орамал кепкенше.

Гранденің ізін ала, Шон Мендес пен Камила Кабейо де қызыл кілемге келді. Бірақ неліктен екені белгісіз, қос ғашық бір-бірінен бөлек тұрып, фотографтар алында бой түзеді.

Есесіне, жұлдызды жұп Ник Джонас пен Приянка Чопра ел аузында! Нақтырақ айтсақ, бұл кеште көптің көзі үнді аруының кеудесі ашық көйлегінде болды.

Ал к-pop өкілдері керісінше, ерек обарзымен көзге түсуді қаламайды! Дегенмен, қарапайым образдарына қарамастан BTS-тықтарға журналистер тарапынан тыным болмады.

«BTS» тобы:

- Өткен жылмен салыстырғанда, бұл жолы шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалдық. Өздеріңіз білетіндей, ерекше перфоманс ұсынбақпыз. Бұл тосынсый бәріне ұнауы тиіс.

Бомонд бас қосқан әр жиын Билли Портер үшін, өзінің даралығын көрсетуге бір мүмкіндік! Бұл күні де сәнқой сері ерек стилімен таңқалдырды.

Кей қонақтар болса, арнаулы жолақты қарсылық алаңына айналдырды. Мәселен, сәнбике әрі актриса Меган Пормер «Соғысқа жол жоқ, Иран» атты жазуы бар көйлек киіп келген еді.

Қысқасы, Грэммидің қызыл кілем қызықтары көп болды! Ал, әсем образдарымен есте қалуға тырысқан танымалдар, кештің негізігі бөліміне кірісті.