Актриса Дарья Александрова кинодан көрінбей кетуінің сырын ашып айтты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазына Әбдіғаппар, тілші:

- Бүгін біз көптен бері үлкен экраннан көрінбей кеткен актриса, керемет ана, батыл фотосессиялардан қорықпайтын блогер әрі әнші Дарья Александрованың үйінде қонаққа келдік. Өнерпаз қайтадан үлкен экранға қашан оралмақ және де жалғызбасты ананың бүгінде жағдайы қалай, алға қойған мақсаттары қандай білетін боламыз.

Дарья Александрова, актриса:

- Міне, менің пәтерім осы. Бізде әлі жаңа жыл, шыршаны алғымыз келмей жүр. Наурызға дейін тұра тұрсын деп шештік. Осы кішкентай ғана пәтерде қызым екеуміз тұрамыз. Мия қазір әжесінің үйінде. Мынау оның ойыншықтары жиналған бұрыш. Рұқсат болса, сіздерге кофе ұсынайын. Төрлетіңіздер.

Актриса декреттік демалысынан кейін үлкен экранға оралуға асықпайтын сыңайлы. Отандық режиссерлардың кастингіне баруға тіпті талпынбаймын дейді Дарья.

-Қазақстанда қолымнан келгенше барлық фильмдерге түстім деп ойлаймын. Басты рөлдерді де сомдадым. Тәуекел Мүсліммен сүйістім...

-Президент туралы фильмге түстің.

-Ия, Президенттің де сүйіктісінің рөлін сомдадым. Енді кастингке барар болсам , тек ресей мен шетелдік киноға арналған кастингке барамын.

Одан бөлек, киногерлер актрисаның ойындағы сценарий мен қаламақыны ұсынбай жатқан көрінеді. Жалғызбасты ана үшін түсірілімнен алатын қаржының соммасы аса маңызды.

Дарья Александрова, актриса:

- Біздің кинодан қалта қалыңдата алмайсың. Әрине, түсірілім кезінде аз-маз ақша аларсың. Одан кейін бәрі қалады. Сондықтан кино хоббиім болып қалды. Қазіргі табыс көзім инстаграм болып тұр.

Өнерпаз дәл осы инстаграмға отбасының қалай құлдырап, жалғыз баласымен қалған сәттері жайлы ашық жазып жүр. Осылайша, блогерлік арқылы ақша табуды көздеген ол, қатасын қалыңдату үшін шешінуден де тайынбақ емес.

Дарья Александрова, актриса:

-Статистикамды көтеремін. Рас. Мысалы қызымның суретін салсам, 1,5-2 мың ғана лүпіл жинайды. Ал, ашық сурет салсам 7 мың лүпіл. Ондай сурет арқылы статистика өседі, демек оқырман саны да артады деген сөз. Егер пікір жазушылардың 90 пайызы «Даша, тоқтат» деп жазса, мен доғарар ем. Әзірге ондай пікір тек 1 пайыз ғана. Соған қарағанда мен шектен шықпаған сияқтымын. Ал егер қазақ қызы болғанымда мені жұлып жеп қоюшы еді деп ойлаймын.

Желі жұлдызына айналған Дарьяның бүгінде басы бос емес! Тіпті сылқым, сүйіктісімен бірге тұрып жатқан көрінеді. Алайда, актриса ғашығын халыққа көрсетуге әлі ерте санайды.

Дарья Александрова, актриса:

- Ия, менің қазір жігітім бар. Кездесіп жүргенімізге көп болды. Екінші рет балалы болып, тағы ажырасқым келмейді. Сондықтан тұрмысқа шығуға асықпаймын. Қызыммен қарым -қатынасы өте жақсы, ол жайында бұрынғы жолдасым жақсы біледі. Мия екеуін де «әке» деп атайды.

Бақыттан басы айналып жүрген ару осылайша тек жақсы жаңалықтарымен бөлісті. Ендеше сәттілік серік болғай.