«Black star-лық» Назиманың жүрегі жаралы!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Black star-лық» Назиманың жүрегі жаралы. Өнер иесі көпшілік үлкен қызығушылық танытқан сұраққа жауап беріп, ел арасындағы түрлі қауесеттерге нүкте қоямын деп шешсе керек, жалғыз екенін жазып желіде пост қалдырған. «Мен өзіме келіспейтін өлшемдегі шалбар кигенше, жалғыз жүргенім артық. Мұны нақты сезініп ұғыну үшін, 29 жылым кетті» деген Назиманың сөздеріне қарап, жұрт оны жанкүйзелісіне ұшыраған деп топшылады.

Динара Сатжан бәссаудадан Димаш Құдайбергеннің суретін сатып алды. Астанамызда өткен «Халық қалаулысы» марапатында тележүргізуші, әлемдік әншінің суретінен бөлек, депутат Нұржан Алтаевтың да портретін еншілеген. Естеріңізге сала кетейік, Сатжан түрлі көркемөнер туындыларын жинағанды жанындай сүйеді. Қазіргі таңда оның жеке коллекциясында 10-ға жуық туынды бар.

Мальдив аралында бақытқа батып жүрген Жұлдыз бен Айқын, уақыттарын текке өткізбеуде. Олар жергілікті жұрттың әдет-ғұрыптарына кәнігі сіңісіп кеткендей. Тіпті тұрғылықты ел ұйымдастырған «бақалшақ» жарысына бәс тігіп, бірінші орынды қанжығаларына байлаған. Олардың әр күні қызықты өтіп жатқанын көрген жұрт, жұлдызды жұпқа жарыса бақыт тілеуде.