Иә, бүгін біз анасына жақын жігіттер жайлы сөз етпекпіз. Қыз әкеге, ұл бала анаға жақын келетіні рас. Алайда жасы отыздан асқан жігіттердің анасының етегіне жармасуы қаншалықты дұрыс? Өздігінен шешім қабылдай алмайтын, анасының сөзінен шықпайтын ер азаматтар жайында танымалдар не ойлайды?
Динара Сұлтан, әнші:
- Ұлбала кішкентай кезінде шынымен анасына жақын болады екен. Мен қазір екі кішкентай балдарыман, ұлдарымнан көріп жүрмін. Орысша айтқанда мамсик дейді ғой. Өте қатты жақын болады екен.
Ал, ЮФРЕЙМ-дық Артур Асқарұлының пікірінше, мұның барлығы уақытша құбылыс. Вайнер жігіт өзі де жұлдызды анасына жақын екендігін мойындайды.
Артур Асқарұлы, вайнер:
- Өте жақынмын, қанша дегенмен анам ғой. Меніңше барлық жігіт анасына жақын болады деп ойлаймын.
Продюсер Гүлзира Айдарбекованың үш ұлы да әкесіне қарағанда анасына жан сырын ақтарғанды жөн көреді. Сондықтан да болар «анасының баласы» деген тіркестен Қайрат Нұртас әлі күнге дейін арыла алмай жүр.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Әйтеуір бір қиындық болсын, өздерімен өздері сөйлескен кезде бәрібір айналып келгенде мамам ғой көмектесетін деп жатқандарын естіп қаламын.
Әсел Асқардың таңдаған жары да анасының ерке баласы. Кез келген уақытта ет жақынының қамқорлығын іздеп тұратын жарының бұл қылығы актрисаға бастапқыда ұнамаған.
-Иә, жолдасым анасына жақын. Негізі барлық оңтүстіктің, Шымкент, Тараз жақтың жігіттері үшін аналары бірінші орында, бәрі де аналарына жақын. Мың әйелі болса да, анасына жетер ешкім жоқ олар үшін.
Десе де, мұндай жігіттердің қыздар қауымы үшін ұтымды тұсы бар деген актриса, аруларымызға өз кеңесін айта кетті.
Әсел Асқар, актриса:
- Шындығына келгенде, анасына жақын жігіттерді басқару әлдеқайда оңай. Тек анасынан басып озамын деген ойдан аулақ болып, күйеуіңнен қамқорлығыңды аяма. Сонда ғана ол анасын ойлап бас қатырмайды.