«Оскар» марапаты өз үміткерлерін жариялады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл күндері халық назары әлемді аузына қаратқан «Оскарда» болды десек, артық айтпаспыз. Дәл бүгін көрерменді көп күттірген, киносайыстың шорт-тізімі анықталды.

Дэвид Рубин, Америка киноакадемиясының басшысы:

- Марапатқа үміткерлір есімін атауға асықпыз. Шорт-листке енген әр фильм Америкалық киноакадемияның қазылар алқасының қатаң іріктеуінен өткенін еске саламыз.

Мәртебелі марапаттан «Джокер» картинасы бірнеше мүсінше қолтықтап қайтар мұршасы бар! Комикс кейіпкері туралы таспаланған триллер 11 номинация бойынша үміткер атанып, рекорд орнатты. Ал, ондағы Хоакин Феникстың актерлық шеберлігі «үздік актер» жүлдесіне лайық.

Хоакин Феникс, актер:

- «Джокердің» көптің көңілінен шығу себебі, кейіпкер мінезінің санқилы болуында. Оны ойдағыдай сомдап шығу мен үшін үлкен тәжірибе болды.

Ал «Джокермен» бірге бас жүлде – «ең үздік фильм» аталымында «Ford Ferrari-ге қарсы», «Ирландық», «Джоджо Қоян», «Кішкентай әйелдер» «Сәтсіз неке», «1917», «Бір күні Голливудта» және «Паразиттер» туындысы таласқа түспек.

Одан бөлек, майталман киногерлер Мартин Скорсезенің «Ирландық», Квентин Тарантиноның «Бір күні Голливудта», Сэм Мендестің «1917» тарихи туындысы көптің көңіліне қонып, 10 бірдей номинацияда есімі аталды.

Еске салсақ, Америка киноакадемиясы өткен жылы жүргізушіден бас тартқан болатын. Нәтижесінде, кештің рейтінгі 2018-бен салыстырғанда едәуір өскен жайы бар. Соны есепке алған ұйымдастырушылар бұл жылы да жүргізушіден бас тартпақ.

Айтулы бәйгенің нәтижесі 9 ақпан күні белгілі болмақ! Салтанатты кинокеш Голливудтың «Долби» театрында өткізіледі деп, жоспарлануда.