Отандық жұлдыздар әлемдік брендтерден киіне ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұрт назарында жүрген отандық жұлдыздар бүгінде түрлі брендтердің бет-бейнесі атануда. Өнер өкілдері үшін тіпті бренд-амбассадор болып, қалталарын қалыңдату да қалыпты жағдай. Енді кей шоу-бизнес өкілдері әлемдік сән үйлерінің келбеті атануды армандап жүрген көрінеді.

Kental, әнші:

- Егерде біздің жұлдыздар әлемдік брендтердің бет-бейнесі болса, сен қай брендтің бренд амбассадоры болар едің?

- «Adidas».

- «Adidas» неге?

- Білмеймін енді мен анандай, өзіме ұнайтын, спортивный киімдердің жақсы көремін, спортқа қатысты киімдерді жақсы көремін.

Кентал танымал «Adidas» брендін ұнатқанымен, әзірге тек көшірмесін киіп жүргенін жасырмайды. Әншімен салыстырғанда, актриса Анара Батырхан әйгілі брендтердің түпнұсқасын ғана тұтынамын деп, дес бермек емес.

Анара Батырхан, актриса, блогер:

- Біздің еліміздің жұлдыздары қандай брендтің бет-бейнесі болғысы келеді?

- Мен өзім, «Louis Vuitton» болғым келеді.

- Неге?

- Себебі, «Louis Vuitton» - нан киінгенді жақсы көремін. Енді көп киім ол жақтан бар деп айта алмаймын, әрине. Бірақ дегенмен де қомақты тұрса да, кейде өзіме сондай сыйлық жасағанды жақсы көрем.

Еске салсақ, дәл осы «Louis Vuitton» киімдерінің құны 800 АҚШ долларынан басталады. Анар сынды, әнші әрі актер Очоу да, өзін қымбат дүниелерді құп көретіндер қатарына қосады.

Ochooou, әнші, актер:

- Әлемдік деңгейдегі брендтардің біреуі болсаң да, қайда жатыр қайсысы болсаң да.

- «Louis Vuitton» деп айтып жатыр Анара Батырхан.

- «Dolce & Gabbana» тағы да басқада.

- 00:40:35 Қандай брендті жиі киесің?

- Аса бредке көңіл аудармаймын, дегенмен арасында бір алып қоюға болады. Өйткені керек та, «качественный» дүние. Дегенмен қайсысы ұнайды соны киемін. Өзіме өзім стилист болғаннан кейін, өзім тауып кие беремін.

Әбдіжаппар Әлқожа, әнші:

- Қазақтың жұлдыз жігіттері, қандай әлемдік брендтердің бет-бейнесі болғысы келеді?

- Әлемдік брендтің болса мен «Gucci»-дің деп ойлаймын. Өзім «Gucci»-ді жақсы көремін. Үстімдегі киімді Аида Кәуменова тіккен, бірақ «Gucci»-ге ұқсатып тігіңізші деген өтініш болған.

Әбдіжаппардың брэндқұмар жандарға айтар кеңесі осы. Дегенмен, әнші үшін үстіндегі шүберектің құны емес, жарасымды болуы маңызды.