Доңыз жылы кімнің шаңырағында той жыры ойнатылды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Доңыз жылында бір басын екеу етіп, шаңырақ көтерген жұлдыздар жетерлік. 2019 -дың «жыл күйеужігіті» аталымына сөзсіз Нұрғали Нүсіпжанов лайық. Сексеннің сеңгіріне шыққан Халық әртісі өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке үйленіп, көпті таңқалқаны бар.

Жас айырмашылығымен есте қалған той иелерінің тағы бірі - Луина мен оның өзінен 6 жас кіші жары Артем Обухов. «Махаббат жасқа қарамайды» деп ұрандатқан сұлу тойға ұзақ дайындалған еді.

Луина, әнші:

- Көйлегім отандық дизайнердікі емес, образымды алдын ала таңдап қойғам. Ол өте әдемі, барлық қызға ұнауы тиіс. Әрине, әрбір қалыңдық әдемі болады ғой. Десе де бұл көйлек басқалардан мүлде бөлек. Өте ерекше.

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле мен Әлішердің тойы да талқыдағы тақырыпқа айналды. Ал қалыңдықтың 250 мың долларлық неке көйлегі мен атақты диайзнер Джими Чудің қолынан шыққан туфлиі де ел аузынан түспеді.

Биыл Баян Мақсатқызы Айсәулемен бірге, экс-кешьюлік сұлуын да ұзатты. Топта 6 айға жуық өнер көрсеткен 18 жастағы Ақбота Құрманғали 21 жастағы Садриддин Ахметов есімді спортшы жігітке тұрмысқа шықты.

Юфреймдық Айым Сейтметова болса, Талғат Итаевтың отбасына ақ келін атанып, бүгінде бүтін бір отбасының түтінін түтетіп жүрген жайы бар.

Айым Сейітметова, актриса:

- Енемнің бізбен бірге тұратыны жақсы болды. Ол кісі барынша көмектесіп, менің кемшін тұстарымды көрсетпеуге тырысады. Анамызбен бір шаңырақ астында өмір сүргеніміздің пайдасы көп.»

Пәктігін сатпақ болған қызды жақтаймын деп басы бәлеге қалған Нұрболхан Шарапов та биыл шаңырақ көтерді. Әзілкеш жігіттің жүрегін жаулаған Ақмаржан есімді ару.

Биыл бойдақтықпен қоштасқан Тәуекел Мүслім талай қыздың жүрегін жаралағаны жасырын емес! Ақ құсын қолына қондырған ол, әзірге

сүйіктісімен тек мұсылманша некеге тұрды. Ғашықтардың салтанатты тойы 2020 жылдың сәуір айына жопарланып отыр.

Үшінші рет шаңырақ көтерген Сәбит Әбдіхалықов та халықты таңқалдырғаны жасырын емес. Продюсердің бұл жолғы таңдауы 30 жастағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Динара Абдуллинаға түскен. Еске салсақ, актердың Айгүл Иманбаевадан бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан төрт қызы бар.