Жылдың хит туындылары анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Billboard» басылымының пайымынша Билли Айлиш 2019 жылы тек қана стриминг арқылы $8 миллионға жуық қаржыға кенелген. Оның бір ғана «Bad guy» туындысы қалтасының қалыңдауына сеп болса керек. Аталмыш трек, сөзсіз осы жылдың хит әуені болды.

Билли сынды, Lil Nas X-тың Billy Ray Cyrus-шырқаған «Old Town Road» та тыңдалымы жағынан топ жарды.

Одан бөлек, Шон Мендес пен Камила Кабейоның «Señorita» жаз мауысымының ең басты әніне айналған еді.

«Tones and I» лақап атымен таныс 19 жастағы аустралиялық әншінің трегі әлемің әр елінде шырқалды десек артық айтпаспыз! Халық орындаушының түрін жатқа білмесе де, оның бұл әні әр тыңдарманның құлаққабында ойналды.

«Tones and I» сияқты болмаса да, отандастарымыздың арасында қошаметке ие болған төл туындылар да жетерлік! Мәселен, Ирина Кайратовнаның «Не әңгіме» трегі қазақстандық Itunes-тан түспеді.

Сондай-ақ, Ninety one-ның «Мен сен емес» туындысы да тыңдалымдағы туындылар тізімінен табылды.

«Ninety one» тобы:

– Біз әлі қойған мақсаттарымызға жете қойған жоқпыз. Әлі алда көптеген істелмеген шаруа жетіп жатыр. Бірақ осы 4 жылдың ішінде кішігірім поп мәдениетіне деген, шоу-бизнеске үлесімізді қостық деген ойымыз бар.

«Алматы- Семей» әнімен танылған Бонопарттың Мәди Рымбаевпен бірлесе шырқаған «Шоколад» туныдысы да көптің көңілінен шыққан еді.

Bonapart, жас әнші:

- Біз өте қуаныштымыз, өлеңнің таралып жатқанына, адамдарға ұнап жатқанына. Жалпы енді ойда клип түсіру де бар. Жалпы болашақта мүмкін тағы да бізде коллаборация болар.

Сондай-ақ, 2019 жылы Jah Khalib-тың «Джадуасы», Qara Bala мен Adil-дің «В сердце»-сі, Раим мен Артурдың «Сәукелесі» де хитке айнала алды.