Атың шықпаса жер өрте! Биыл дәл осы тіркесті ұран етіп, хайп қуғандар жетерлік. Қара пиардың көмегімен танылуды көздегендер көшін
сән мінберіне төсін жалаңаштап шыққан Динагүл Тасова бастайды.
Бұл жылы сылқым сән сахнасында бір емес бірнеше мәрте ашық образда төбе көрсетті. Нәтижесінде Динагүл, сұраныстағы сұлулар қатарында.
Динагүл Тасова, сәнбике:
- Киноға шақырды. Бірақ шетелде түсірілетін кино екен. Дәл сіз сияқты қыз керек деп айтты кешек. Бірақ отказ жасадым. Өйткені, айтқан сөздері ұнамады. Сен модель емес, актриса ретінде көргендіктен, бүкіл неге дайын болуың керексіз деген сондай грубыйлау нәрселер естідім.
Алайда, халықты шулатуда Айжан Байзақова әзірге бірінші. Бұл жылы да атышулы сылқым жалған той ұйымдастырып, басты назарда болды. Тіпті арудың бұл айласына оның жақындары да сеніп қалған еді.
Айжан Байзақова, блогер:
- Шынымды айтсам, менің өмірде тұрмыс құру жоспарымда жоқ. Егер тойым болған жағдайда жаныма жақын 5 адамның ғана ортасында атап өтемін. Ол қуанышты күн тек шет елде тойланады.
Ал Арман мен Ашаның ажырасуы туралы тараған қауесет жұптың жанкүйерлерін ғана емес, шоу-бизнес өкілдерін де алаңдатқаны рас. Жұлдызды жанұя жалған ақпаратты «Ау жаным» атты туындысын жарнамалау мақсатында таратқан еді.
Арман мен Аша, жұлдызды жұп:
- Аяқ-астынан шығып кеткен хайп. Солай болып қалды, енді хайп бола берсін. Енді болашақта ойдай хайп болмайтын шығар деп ойлаймын. Өйткені ондай хайпты біз қуалаған адам емеспіз, өйткені жеткілікті екеумізге де хайп, Аша өзінің хайпы жетеді.
Хайпқұмарлар қатарында «Parfumer» лақап атымен танылған Азамат та бар. Рэпер бетін татуировкаларға толтырып, оғаш видеожазбалар арқылы танылуға ниетті еді. Алайда, хип-хоп орындаушының бұл әрекеті аса нәтижелі болмады.
Parfumer, рэп орындаушы:
- Менің арманым негізі лейбл құрау Қазақстанда. Алматыда менің, менің родной қаламда, конкурирующий лейбл который мог бы конкурировать с Россиской Федерацией.