Ернар Айдардың ән кешіне арнайы келген Араш өзінің жеке жоспарларымен бөлісті. Әншінің айтуынша қазақша ән салу өнерпазға оңайға соқпаған.
Arash, әнші:
- Мәтінді алғаш рет оқығанда, «мәссаған мен мынаны айта аламын ба?» - деп ойладым. Дубайда мен тұратын үйдің бірінші қабатында қазақ мейрамханасы бар. Сонда жұмыс істейтін достарымнан көмек сұрауға тура келді.
Десе де, Араш өз еңбегінің нәтижесіне дән риза. Қазақша ән шырқау баяғыдан келе жатқан арманым деген ол су жаңа трек жанкүйерлерінің де көңілінен шыққанына сенімді.
Arash, әнші:
- Менің жалынды жанкүйерлерім қазақ тілінде шырқаған әнімді тыңдап, таңданыста болды. Мағынасын түсінбесе де, оларға қазақша трек қатты ұнағанға ұқсайды.
Енді Араш қазақстанға қайта оралуды көздейді. Еске салсақ, әнші Алматыға алғаш рет осыдан 14 жыл бұрын келген еді.
Arash, әнші:
- Қазақстанда бейнебаян түсіру жоспарымда бар. Одан бөлек ертең Нұр-Сұлтан қаласына ұшпақпыз. Қысқасы, келесі жылы да Қазақстанға талай мәрте келемін деген сенімдемін.
Кезінде Снуп Догпен ортақ трек жазып, бейнебаян таспалаған Араш енді қазақтың қарадомалақ баласы Ернармен серіктестік орнатуды көздейді.
Arash, әнші:
- Ернар мені жеке кешіне шақырды, енді мен Ернарды өзімнің концертіме шақырғым келеді. Болашақта, бұйыртса Еуропа мен Америкада турне өткізбекпін. Ол да бір үлкен шоу болмақ!
Олай болса, Ернар мен Араштан тың туындылар мен ерек концерт күтеміз!