Дэвид Бекхэмның ұлы Бруклинге желіде жаман пікір жазуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Виктория мен Дэвид Бекхэмның 20 жасар ұлы Бруклинге желіде жаман пікір жазып, шабуылдаушылар көбейген. Басты себеп, оның жаңадан кездесіп жүрген қызы Никола Пельтцте болып отыр. Анвар Хадидтың экс-ғашығы мансабын жаңадан бастап келе жатқан актриса екен. Сондықтан жұрт Николаны «Бруклинді атақ үшін пайдаланып жүрсің» деп жазғыруда. 24 жастағы актриса, жігітін шын жақсы көретінін айтып, желіде жазба да қалдырған.

Кардашьяндар әулетінде тек қана Кендалл Дженнердің жеке өміріне қара құлып салынған. Кіммен қарым-қатынаста жүр, қашан айырылысты, бәрі құпия. Бірақ жақында желі беттеріне оның баскетболшы Бен Симмонсты матчта қолдауға келгендегі суреттері тарап кетті. «Түбегейлі ажырастық» деп біраз уақыт бұрын сұқбат берген Кенделл мен Бен қайтадан махаббаттарын жаңғыртуға көшкен секілді. Себебі қос ғашықтың қол ұстасып жүргендерін Нью-Йорк көшелерінде көргендер көп.

Селена Гомез желіде Кенияға сапарындағы суреттерімен бөлісті. Ұшқан құс пен жорытқан аңның өміріне бей-жай қарай алмайтын әнші, ол жақта болып жатқан су және тамақ тапшылығын ести сала бірден жолға шығыпты. «Әлемнің бір бұрышында аштықтан адамдар қырылып жатқанда, мен тыныш тамақтана алмаймын», - деп сұқбат берген Селена, одан бөлек, дәрі-дәрмек пен киімге де ақша аударған. Бірақ ол нақты қанша қаражат бергенін айтудан бас тартыпты.