Соңғы кездері «блогерлік» әнші мен актерлар арасында жаппай трендке айналуда! Алайда, өнерден өзге дүниеге қатысты жазба жариялап, оқырманына кеңес беруі қаншалықты дұрыс? Мұны әуелі танымалдардың өзінен сұрап көрдік.
Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:
- Олардың қатарында мен де бармын. Мен осы жақын арадан бастап қазақ тілінде блог жүргізіп жүрмін. Енді көпшілігі орысша жазып жатады. Оңай, қолжетімді деген сияқты. Мен қазақша жазып көрдім. Көрермендер, оқырмандардың ықыласы ерекше.
Асылдық Ақерке әзірге блогерліктің жілігін шағып үлгермесе де, концерт пен түсірілімдегі қызықты сәттерімен жиі бөліседі. Әріптесінің бұл бастамасын құп көрген Әли Оқапов, әншілер тек өнер саласы туралы қалам тербесе екен дейді.
Әли Оқапов, әнші:
- Мысалыға, әсіресе шығармашылық жайлы, өнер жайлы әншілерден басқа кім көрсете алады.
Алайда, журналист әрі SMM маманы Айым Жекенова жұлдыз біткен өз тәжірибиесімен тек халық иігілігі үшін бөліседі дегенмен келіспейді.
Айым Жекенова, SMM маманы:
- Өйткені ол арқылы, жарнама жасау арқылы, бартер арқылы жеңіл ақша тапқысы келеді. Сондықтан блогерлер көбеюде, бірақ олардың сапасына да назар аудару керек.»
Мыңдаған аудиторияның назары арқылы нәпақа табуға болатынын жұлдыздарымыз жақсы біледі. Сондықтан да болар, желіде ана мен бала тақырыбын, отбасылық мәселерді қозғайтын блогтар өтімді. Мысалы, Дарья Александрова, Айнұр Ілиясова, Динара Қырықбаевалар өз тәжірибелеріне жүгіне отырып, оқырманына кеңес беріп отырады. Ал жұлдыздардың жазбаларында іліп алар дүние бар ма? Айым Жекенова, SMM маманы:
- Енді ғана күйеуге шығып, енді ғана бала туған жас қыз-келіншектер, әйелдер бізде көбінесе «мамский блог» дейді ғой, үйде отырған аналардың блогы деп басталады. Мен балама осылай қарап жатырмын. Менің балама осындай сыйлықтар келді, обязательно осы подгузникті алыңдар, осындай киім,жөргектерді адлыңдар деген жарнамалар кетеді.»
Продюсер Гүлзира Айдарбекованың келіні, Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукаримова соңғы уақытта тек инстаграмда емес, ютуб желісінде де аналарға арналған блог жүргізуде. Онысына танымал ене қарсы емес. Тек қояр бір ғана талабы бар.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
- Халықты алдамау. Өйткені біз енді, қасықтап жинаған абыройды шелектеп шашпайық. Сол үшін ешқандай алдау болмасын, тек шындық болсын деп келісіп аламыз.
Жұлдыз Әбдікерімова , актриса - Жоқ, ол ешқандай табыс көзі емес, атақты шығару да емес. Бала деген тақырып өте ауқымды. Және оған сауатты келу керек. Менің жобамның өзінде қаншама маман жұмыс істейді. Мамансыз кеңес берілмейді, ешқандай ақыл да берілмейді.»
Ал шынайылықты алға тартып, әр жазба мен ондағы жарнаманы өз жауапкершілігіне алатын блогерді тек уақыт қана саралай алады.