Қазақтың бұлбұлы 90-жаста! Бибігүл Төлегенованың туған күні дүркірете аталып өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, @makeshi_

- Дәл бүгін, әлемдік опера примадоннасы, қазақтың бұлбұлы - Бибігүл Төлегенованың туған күні! Әнші 90 жасқа толып отыр! Айтулы күнде Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды концерт ұйымдастырылды. Маңызды меркенің куәгері атану үшін, біз де Алматыдан арнайы келдік.

Әуезді кеш, әсерлі әнінен басталды. Саф өнерімен талайды таңдай қақтырған мэтр туған күнінде де сахнаға шығуды міндет санады.

Еске салсақ, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы әлемнің ең беделді сахналарында өнер көрсеткен. Нью-Йорк, Лондон, Париж, Рим, Токио тыңдармандары оның бірегей үніне тәнті болған еді. Ал оның орындауындағы «Гәкку» әні кезінде әрбір жанның жүрегін жаулағаны анық.

Толқын Забирова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Бүгін енді Бибігүл Төлегенованың 90-жылдығы. Сізді ол кісінің шәкірті ретінде білеміз. Өзіңіздің ыстық естелігіңізбен бөлісе кетсеңіз?

- Шынымен де мен өзім үшін оны үлкен мәртебе санаймын, осы уақытқа дейін Бибігүл Ахметова екеуіміздің қарым-қатынасымыз осы ана мен баладай болып кеткен, сол кісінің отбасының бір туған перзентіндей боп кеттім. Әрине ол да мен үшін үлкен бақыт. Қиын уақыттарда, қиын кезеңдерде өзім қиын кезеңдерді өткен кезде Бибігүл Ахметқызы қасымда бола білді.

Шәкірттерінен өзге, бұл күні сахнада Бибігүл Ахметқызының өнердегі үзеңгілестері де төбе көрсетті. Ал қазақтың бұлбұлының қуанышынан табылған Халық әртісі Роза Рымбаева аздап қобалжып тұрғандай.

Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:

– Бибігүл Төлегенованың кешіне қатысып жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, үлкен қуаныш, үлкен емтихан. Біз апамыздың әнін тыңдап өстік. Апамыз қазақтың бұлбұлы, апамыз жасай берсін.

Бибігүл Төлегенованың туған күн кешінде, қазақ эстрадасының үздік әндері шырқалды. «Жыл әні» атауына ие болған бұл фестивальде, жүргізушілік тізгінді Қарақат пен Қыдырәлі, Жанболат пен Жазира ұстаған еді. Жуырда ғана сәбилі болған Ербатыровтар отбасы, сұхбат бермес бұрын қуаныштарымен ортақтасып жатқан халыққа алғыс айтты.

Жанболат пен Жазира, әншілер:

– Әрбір келіп түскен хаттардың бәрін оқып, шын көңілімен қуанған көрерменге ризашылығымызды білдіріп жатырмыз. Көп-көп рахмет. Әр шаңырақта осындай қуаныш бола берсін.

Еске салсақ, бұл жұлдызды жанұяның қуанышты хабарымен бөліскеннен кейін, үлкен сахнаға алғаш шығуы. Қос әншіні де, Бибігүл Ахметқызына қатысты ауыз толтырып айтар естеліктері жетерлік.

Жанболат пен Жазира, әншілер:

– Ол кісінің біз сүйсініп қарайтынымыз, ұстамдығы. Өнерге деген тазалығы. Қазақ мәдениетіне өзіндік үлес қосып жүрген кісі ғой. Соған қарап, жастар болсын, кейінгі сахнадағы әншілер өнеге алып жатыр. Сол кісі сияқты болсақ.

Аға буын өкілдерін бір сахнаға жинаған фестивальде әншілерге арнайы мүсіншелер табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өнерпаздардың тректері «алтын хиттер» тізіміндегі туындылар.

Сәкен Майғазиев, әнші:

– Сәкен аға, енбі бүгін хит әндер, алтын қордағы хит әндердің фестивалі деп жатыр. Сіздің ойыңызша, бұл әндерге қандай әндер кіреді, бұл тізімге яғни?

- Бұл тізімге жаңа қалжыңдап айтып жатырмыз, біздің алдыңғы толқын апаларымыздың, ағаларымыздың мәңгі өлмейтін жыл әні емес, ғасыр әнін қалдырып кетіп жатыр ғой. Керемет әндер көп бола берсін. Енді, МузАРТ-тың репертуарына келер болсақ, біз мақтанышпен айта аламыз, Аллаға шүкір біздің 90 пайыз әніміз танымалдылыққа ие болды деп ойлаймын.

Осылайша, тың туындыларды топтастырған ескі әуендер фестивалі талай қызықтарға толы болды. Сәтін салса, музыкалы мереке келесі жылы да өз жалғасын таппақ.