Осы апта отандық прокатта кассалық жиынымен рекорд орнатқан фильмдер тізімі анықталды! Киномандар таласа тамашалаған картиналар ТОП үштігін - «Last Christmas» лентасы бастап тұр.
«Тicketon.kz» сайтының мәліметінше, өткен уик-эндте жаңа жылдық мерекеге арналған фильм 204 млн теңгеден аса пайда көрген. Әйгілі «Тақтар ойыны» телехикаясының жұлдызы Эмилия Кларк дәл осы туындыда басты рөлде.
Эмилиямен бірге лентада малазиялық актер Генри Голдинг та бой көрсеткен. Өнерпаздар «Last Christmas» фильмінде қос ғашықты сомдайды. Туындыда, өмірдің қиындықтарынан шаршаған Кейт есімді қыз Томмен кездескен соң, жақсы жаққа өзгеруді шешеді.
«Мұзды өлке» мультфильмінің жалғасы айналымдағы екінші аптада 161 млн теңге қаражатқа кенелді. «Дисней» ұсынған анимациялық лента әпкелі-сіңлілі Анна мен Эльзаның кезекті хикаясын баяндайды.
Анимациялы мюзиклде қос ханшайым «Эренделл»-ден жырақтап, зұлымдықпен күреседі. Басты мақсаттары – патшалықты аман алып қалу.
Актер Дэниэл Крэйг ұсынған «Knives Out» фильмі үздік үштікті түйіндейді. Шытырманға толы лентада Дэниелден өзге «Marvel» жұлдызы Крис Эванс та төбе көрсетеді.
«Агент 007» мен «Капитан Америка» бірігіп түскен фильм, детективті комедия жанрында. Фильмнің сюжеті, әйгілі жазушы Харлан Тромбидің өліміненен кейін, кінәлілерді анықтау оқиғасы негізінде таспаланған.