«Хайп қуған ата» комедиясының тұсакесері өтті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Памперс киіп, оқушысын аяусыз сабаған Әбунасыр Серіков! Әйгілі актер басты рөлдегі көптен күткен «Хайп қуған ата» картинасының тұсауы кесілді. Су жаңа картина жұмысынан айырылып, өзі ойламаған жерден ғаламтор мэмына айналып, танымал боп оянған Тұрсын ата туралы. Алпысты алқымдаған қария ақша табу үшін жастарға еріп, вайн мен пранк түсіреді.

Анвар Матжанов, режиссер:

- «Қазір көп қой, жастар, үлкендер болсын видеолар түсіретіні бар. Біз айтқымыз келгені – сол адамдардың қолында үлкен бір күш бар. Солардың өздері көп проблемаларды шеше алады»

Комедияның сценарийі осыдан екі жыл бұрын жазылған екен. «Фильм жеңіл әзілге құрылғанымен, еліміздегі жұмыссыздық сынды ауқымды мәселені көтереді», - дейді бас рөлдегі Әбунасыр Серіков.

Әбунасыр Серіков, актер:

- «Бұл киноның астары солай. Мен ойлаймын, жоғарыдағы ағаларымыз ойланады деп» «Қырықтан, елуден асқаннан кейін көп апаларымыз, ағаларымызды жұмысқа алмайды ғой таныс болмаса».

Қу ақшаның жетіспегенінен елімізде несие алушылар да, арзан әзілді насихаттаушылар да көбейіп, қара еңбектің құны бағаланбай қалды деп күйінеді актер.

Әбунасыр Серіков, актер:

- Ауылға барсаңыздар, қағаз жүзінде жұмыс істейді, селсоветке тіркеп қойған бәрін, бірақ ешқайсысының жұмысы жоқ.

Картинада актерлерден өзге, әнші Қайрат Нұртас, Кентал, ғаламтор жұлдыздары – Шырын Нарчаева, Алия Байбосынова, Yuframe-дықтар, Eldana Foureyes, Аминка-витаминка, Анар Батырхан және Нұрлан Батыров та бой көрсетеді.

Ал тың туындыны алғаш болып тамашалауға жиналған халықтың қарасы мол болды. Олардың арасында комедия майталманына айналған Дариға Бадықова да бар. Актриса әріптестерінің жұмысын мақтау үшін, түртіп алар дүниесі болу керек дейді.

Дариға Бадықова, актриса:

- Мақтай берудің қажеті жоқ. Мақтау үшін детальный нәрселерін айту керек. Енді не істейміз, ой мынау не кино осыны дәріптеп деуі мүмкін. Бұл – заман. Өл-тіріл осындай болады.

Қазіргі заманның көкейкесті мәселесін баяндайтын «Хайп қуған Атаны» еліміздің кинотеатрларынан көре аласыздар.