BTS, Билли Айлиш пен Кэти Перри «Jingle Ball» шарасында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері BTS түрлі шараларда төбе көрсетуді жиілеткенді. Енді міне корейлік боизбенд «Jingle Ball» шарасында көзге түсті. Жыл сайын ұйымдастырылатын ауқымды кештің қызыл кілеміне k-pop өкілдерінен өзге Билли Айлиш, Кэти Перри, Рита Ора бастаған өнерпаздар да қатысты.

Ал, арнаулы жолақта төбе көрсеткен кей әртістер папарацци алдынан кетуге асықпады. Мәселен, соның бірі – Камила Кабейо әбден суретке түсіп, журналистерге ашыла сұхбат берді.

Камила Кабейо, әнші:

- Көңіл-күйім кермет! Байқағандарыңыздай, өмірімде жағымды оқиғалар жетерлік. Соның барлығы менің соңғы әндеріме негіз болуда. Жаңа тректерімнің бәрінде ішкі жан-тебіренісімді жеткізуге тырысамын.

Қызыл кілемнен соң, концерттің көркін Тэйлор Свифт қыздырды. Өнерпаз бір емес қатарынан бірнеше ән орындап, жиылған жұрттың көңілін көтерді.

Тэйлор Свифт, әнші:

- Мұндағы шарлар, әсем безендіру, бәрі керемет! Көп-көп рахмет! Шынымды айтсам өте қуаныштымын. Мұндай тосын сыйды күтпеген едім.

Ал, Тэйлордың ізін ала Сэм Смит, Лиам Пэйн, Гарри Стаилз сахнадан табылды. Муызканттардың әсем орындауы залдағы әр тыңдарманның жүрегіне жеткендей.

Концертке ерек образ таңдаған Рита Ора да жігіттерден қалыспауға тырысты.

Алайда, бұл кештің хэдлайнері BTS болды!

«BTS» тобы:

- Расымен де, бұл жылы АҚШ-қа келуді жиілетіп кеттік. Тіпті, уақытымыздың біраз бөлігін осында өткіздік десек, өтрік болмас. Келер жылы да қайта келеміз.

Осылайша, корейлік бойзбенд 2020-да да «Jingle Ball»-ға қатысуға ниетті екендерін білдірді. Соған қарағанда, тыңдарманды тәнті еткен ауқымды концерт, k-pop өкілдеріне ұнағандай.