Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке кешін дүркірете өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Димаш Құдайберген көптен күткен Нью-Йорктегі «Арнау» атты кешін дүркірете өткізді! Қазақ баласының құлақтан кіріп, бойды алар әсем әнін тыңдау үшін әлемнің 50 елінен келген «dears», Нью-Йорктағы «Barclays Center»-ге жиналды.

Тіпті бұл кеште, Димаштың талантына тәнті болған кей тындарман көз жасына ерік берді. Олар концертте алдыңғы қатарға жайғасу үшін, кешке 3 сағат бұрын келген көрінеді.

Арман мен Аша, жұлдызды отбасы:

- Қазақтың баласы сондай үлкен сахналардан көрініп жатыр. Концертінің аты да «Арнау». Қазақ тілінде ән айтады, біз ол үшін мақатанмыз. Қазақстанның атын шығарып жатқандардың бірі Димаш.

Осылайша жылы лебіздерін жаудырған өнер өкілдері ерек кешке қатыса алмағаны үшін, аздап бармақ тістеп қалғандарын жасырмайды. Кешьюліктер үшін де, Димаш үлгі тұтар өнерпаздардың бірі.

«КешYou» тобы:

- Ол кісіні біз өте құрметтейміз, жалпы өнерін. Басқа да алыс-жақын елдерге Қазақстанның атын шығарып жатқаны әрине үлкен мәртебе. Былай әлі өмірде кездескенжоқпыз, кездескен күнде алғысымызды айтып, тәнті екенімізді айтып, жеткіземіз.

Нұржан Керменбаев, әнші:

- Біз кәдімгідей битіп кәдімгідей, құрметтеп ұстауымыз керек деп ойлаймын әрбір қазақ. Себебі шетелге бізді жақсы қырынан танытып жатыр. Сол үшін де алғыс айтамын.

Димашты алақанда ұстауға тиіспіз деген Нұржан, Құдайбергеновке әрдайым тілекші екенін айтты.