«Томирис» таққан бутафорлық алқа 125 миллион теңгеге сатылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тұмар ханшайым таққан бутафорлық алқа күні кеше Нұр-Сұлтанда өткен қысқы қайырымдылық шарасында бәссаудаға түсіп, 125 миллион теңгеге сатылып кетті. Алтынмен апталып, күміспен күптелмесе де, бағалы тастармен көмкерілмесе де, сол кештегі ең қымбатқа сатылған бұйымдардың бірегейі болды. Ал Томиристың алқасын алған азамат атын жасырын қалдырғысы келіпті.

Ал күні кеше кезекті рет «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды. Медаль ғылымда, шығармашылықта, қоғамдық қызмет пен спортта жоғарғы жетістіктерге жетіп жүргендерге табысталды. «Театр және киноға» қосқан үлесі үшін – Аян Өтепберген, «Эстрада» номинациясы бойынша – Әділхан Макин, «Халық шығармашылығы» бағыты бойынша – айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан марапатталды.

Ал бүгін отандық әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі көптен күткен концерті өтеді. 4 бірдей тілде, жанды дауыста болатын кешке қызу кірісіп кеткен ол, инстаграм желісіне дайындықтан үзінділер салған.

Естеріңізге сала кетейік, бұл кештің билеттері афиша шыққанан кейін екі аптаға жуық уақыттың ішінде сатылып кеткен. Әншіге сәттілік тілеп, тақым қысып отырған Ресейлік және отандық әртістер Димаштың әр постының астына жылы лебіздерін қалдырған.