Төреғали Төреәлі ең сәнді! Дизайнерлер жұлдыздар арасынан стильді серілерді анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жас актер Тимати Шаламе жылдың «ең сәнді» жұлдызы атанды! Әйгілі «British GQ» журналының пайымымен стильді деп танылған өнерпаздың, әр образы ерекше. Актердың папарацци назарына жиі ілігуі – осыған дәлел.

Ал сән саласының өкілдері, отандық серілер де Тимати Шаламэден еш кем түспейді дейді. Аида Кәуменованың айтуынша, біздің жігіттер де ерекше талғаммен киінеді.

Аида Кәуменова, дизайнер:

- Төреғали Төреәлі. Ең бірінші олардың, дауыстары керемет қой. Адамдар оларды былай қарасаң, үстіне жәй майка киіп шықса да, адамдар бәрібір де келіп оларды тыңдайды.

Наиль Байкучуковтың фавориті – Әли Оқапов. Дизайнер әншінің тек сахналық қана емес, күнделікті образдарына да тәнті екенін жасырмайды.

Наиль Байкучуков, дизайнер:

- Мен ең сәнді деп Әли Оқаповты айтар едім. Себебі, өзі ортасына сай киінеді. Стильді, әрі заманауи.

Сән саласына жаңадан қадам басқан Айжұлдыз Адайбекова үшін кімнің қалай киінгені маңызды емес. Жанар Айжанованың қызы барынша батыл болуға шақырады.

Айжұлдыз Адайбекова, дизайнер:

- Негізі менің ойымша, әр адам өзінің стиліне қарау керек негізі. Себебі, стиль дейтін ол өзіңнің ішкі дүниеңді жалпы сыртқа көрсете білу. Соны көрсете білген адам ол өте орысша айтады ғой смелый адам деп ойлаймын. Себебі ол екінің бірінің қолынан келмейді. Кейбіреулері іштей креативті болғанымен оны сыртқа көрсете алмайды.

Фэшн саласы өкілдерінің сан-қилы жауабын тыңдап, Ақерке Бүркітбай да өз ойын айтуға асықты. «Асылдық» әнші «ең сәнді» жұлдыз атағына актер Санжар Мәди лайық деп отыр.

Ақерке Бүркітбай, «Assyl» тобының әншісі:

- Санжар Мадиевтің стилі өте ерекше, ұнайды. Әрдайым ұстамды. Сондай өте бір қатты, қалай айтсақ болады, ашық-шашық емес, бір ерсілік жоқ ешқандай.

Осылайша, халық назарында жүрген серілер арасында, «ең сәнді» деп танылып, үздік үштікке енгендер – Төреғали Төреәлі, Әли Оқапов және Санжар Мәди!