Кеудесін көрсеткен Динагүл Тасова тағы да талқыда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Экс-депутат, атышулы сәнбике Динагүл Тасова тағы да жалаңаштанған төсін көрсетті. Бұл жолы ару подиумда емес, өзінің әлеуметтік парақшасында 1,5 мың АҚШ долларына жасатқан жасанды кеудесімен мақтанып, оқырмандарын шулатты. Тіпті суреттің астына «18 жасқа толғандарға арналған, ал үйленгендерге лүпіл басуға болмайды» деп жазба қалдырған. Бұдан бұрын да, Динагүл түрлі сән көрсетілімдерінде провокацияға толы образдарымен желі қолданушыларын дүрліктірген еді.
Еліміздің мақтанышы WBA (Super), IBO мен WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин елге оралды. Бұл туралы отандық спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Өз үйім – өлең төсегім» деп, мынадай фото жүктеген Головкин еліне деген сағынышын білдірді. Туған өлкесінде спортшы Қарағанды облысының әкімі Жеңісбек Қасымбековпен кездескен болатын.

Ал Ресейдің «Песни» шоуы арқылы танылған Say Mo дебюттік альбомын жарыққа шығаруға дайын. ЕР-жинаққа 7 ырғақты трек енген. «Танцы под снегом» атты сингл осы аптаның аяғында тыңдарманға жол тартады. Мөлдір Есембек аталмыш әнжинақты өзі құрған «Номад» командасымен бірлесе шығарған.

Сей Мо қазір Қазақстан мен Ресейде гастрольдік сапарда жүр. Ағымдағы айдың өзінде Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Өскемен, Алматы, Қырғызстанның астанасы Бішкек пен Ресейдің Кемерово қалаларында ән кешін беріп үлгерген.