Нұрсұлтан Есжан, @nursultan_yeszhan, тележүргізуші:
- Отандық өнер өкілдері Мұрат Насыровты еске алу кешіне жиналуда! Дәл бүгін қазақ эстрадасының жұлдыздары талантты музыканттың хит әндерін шырқайды. Аталмыш концерт Дильназ Ахмадиеваның ұйымдастыруымен өткізілуде.
«Я - это ты», «Мальчик хочет в Тамбов» туындыларымен танылған Мұрат Насыров көзі тірі болса, биыл 50 жасқа толар еді. Ресейді бағындырған отандық әнші 38-жасында түсініксіз жағдайда көз жұмған. Содан бері, 12 жыл өтсе де, өнерпаздың хит әуендері әлі күнге дейін халық есінде.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Айқын, бүгін талантты музыкант Мұрат Насыровты еске алу кеші. Қандай ән шырқайсың?
- Негізі бұл концертте жалғыз мен сияқтымын ғой әнін өзгерткен Мұрат Насыровтың себебі бүкіл әндер оригинал түрінде оранжировкасымен шығып жатыр да. Мен ойладым енді кішкене өзіңнің иісің болмаса, бәрібір оны Мұраттан артық айта алмайсың ғой. Егер стиль өзгермесе.
- Өзіңнің қолтаңбаңды енгіздің ?
- Ия, өзімнің стильмде.
Алайда, Мұраттың әнін өз стилінде орындап, жаңашылдық енгізбек болған Айқын әріпстестерінен аздап сөз естіп қалды. Мәселен, Диная тыңдарманның жүрегіне жол тартқан Насыровтың туындыларына өзгеріс енгізу әбестік деп санамайды.
Диная, әнші:
- Сейчас вообще тяжело слушать..СНХ\жен\ Менің ойымша, ескі әндерді өзгертудің қажеті жоқ. Себебі, туынды өзінің мәнін жоғалтады. Автор оны қалай қалдырды, тыңдарманға солай мәңгі қалуы тиіс деп ойлаймын.
Бұл кеште Динаяның өзі Мұраттың әлі жарық көрмеген, ел естімеген трегін орындады.
Марсель, әнші:
- Марсель, Дильназ Ахмадиева ұйымдастырып жатыр, Мұрат ағамыздың әндерін, жұлдыздарға үлестірген кезде өздеріңе ерік берді ма?
- Дильназ ханым өзі бөліп берді. Бәрінің тембрларына қарап, кімге сай келеді, кімге келмейді деген сияқты. Для мен большая честь, молодец что Дильназька пригласила на такой концерт, еркектің жұмысын істеп жатыр деп айтсам қателеспеймін Дильназ ханым молодец. Тақ держать я тебя люблю. Спасибо!
Концертте халықтың көптігінен ине шаншар жер қалмады. Ай-күні жақындаса да, кешті ойдағыдай өткізу жауапкершілігін Дильназ Ахмадиева өз мойнына алған.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
- Енді қиын, шаршадым. Бірақ бізде білесіз ғой если что-то делать. Ауқымды шараны қолған алғаннан кейін, оның жүгі де ауыр. Бірақ, егер бір істі бастасаң оны жоғары деңгейде өткізуге сен міндеттісің. Мұрат мен үшін өнерде ғана емес, өмірде ағам болды. Сол үшін барымды салып жүрмін.
Сахнада отандық жұлдыздардан бөлек, Мұрат Насыровтың ұлы мен қызы да өнер көрсетті. Сахнаға әнші ретінде алғаш шыққан музыканттың атұстары Аким, бүгінде Мәскеуде білім алады.
Аким Насыров, Мұрат Насыровтың ұлы:
- Әкемнің деңгейіне жету, аспандағы айға қол жеткізумен бірдей. Бірақ қазір, мамандығым саксафоншы болғаннан кейін, вокалмен де айнлысып жатырмын. Музыкант атану алғашында анамның арманы еді. Бүгінде осы жолды таңдағаныма өкінбеймін.
Акиммен салыстырғанда, Насыровтың қызы музыкаға ден қоймаған. Десе де, Лия үшін әншілік мүлде жат емес.
Лия Насырова, Мұрат Насыровтың қызы:
- Ән айтатыным бар, бірақ муызыкамен кәсіби түрде айналыспаймын. Қазіргі таңда өзімді әр саладан байқап көрудемін.
Мұрат Насыровтың құрметіне ұйымдастырылған бұл кеш көптің жүрегін елжіреткендей. Халықтың тік тұра білдірген қошаметі бұған дәлел.