Кинодан – сахнаға! Актер Дәурен Айдарқұлов түбегейлі әншілікке бет бұрмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай отандық картиналардың жұлдызы атанған Дәурен Айдарқұловқа, соңғы кездері киногерлер тарапынан сұраныс азайғанын айтады. Актер енді өзін жаңа қырынан танытпақ.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

- Жалпы фильмдерге қазір жиі шақырып жатыр ма? Байқасақ соңғы кездері, аса бір кинотуындылардан байқалмай жүрсіз.

-Сондай бір не болады екен ғой.

-Кезең болып жатыр ма?

-Ия.

-Бірақ кезінде көп қандай комедияда болмасын, сізді көретін едік. Басты кейіпкер ретінде?

-Бір жағынан халық демалсын деп жатқаным ғой. Әйтпесе, «Ой, постоянно одни и те же актеры» деп айта береді. Сол себепті постоянно олай айтпау үшін, кішігірім пауза ұстап жатырмыз. Оның себебі, екінші себебі, ол музыка әлеміне бара жатырмыз. Ән айтайтын деп жатырмыз. Дуэт шығарйын деп жатырмыз сол себепті. Сондай бір жобалар болып жатыр.

Сахнаға алғаш «Алматым – іңкәрім менің» ретро фестивалінде шыққан Дәурен, әншілікке кәсіби түрде ден қойған. Бұған дәлел, жары Ақботамен бірге талай музыкалық шоуларды бой көрсетуі.

Ал, эстраданың жарық жұлдызы «Оchooou»-дың әндерін тыңдамаған адам кемде-кем шығар! Алайда, Олжас Абайдың негізгі мамандығы актер екенін бірі білсе, бірі біле бермейді.

Оchooou, әнші, актер:

- Ән жағынан да, 3 жыл бұрын бастадым, 2 жыл жәй хобби ретінде жүргем. Өзіме қандай ән ұнайды соны ғана айтамын деп шешкем, халықтан сұраныс болғаннан кейін. «Сізді әнші ретінде де есептейміз» деп, тапсырыс түскеннен кейін, енді проффессионалды түрде дайындалып жатырмын десем болады.

Оchooou осылайша актер ретінде де, әнші ретінде де сұранысқа ие болса, Артур Төлепов екі саладан да өзін таба алмай жүр.

Артур Төлепов, актер:

- Жеме-жемге келген кезде жан дүнием өзгере қалды. Ән айтқым келді, қайтадан түскім келді. Енді бір бұл әңгіме өнерде бір 30-40 жыл жүрген адамның әңгімесі болуы мүмкін бірақ дегенмен жас болсам да өнерді қатты сүйгем.

Мейірғат Амангельдиннің де әнші атансам деген асқақ арманы бар. «Каникулы оффлайн», «Қазақ хандығы» фильмдері арқылы танылған жас актер, бұл жоспарын болашақта жүзеге асырмақ.

Мейірғат Амангельдин, актер:

- Театрда шыңдалуымыз керек әлі біраз. Ал, кино бірде бар бірде жоқ. Бірде шақырады, бірде шақырмайды. Әншілікті де мүмкін қатар алып қоямын ба деп ойлап жүрмін.

Актер Аян Өтепберген болса, өзге әріптстерімен салыстырғанда шапшаңдық танытып, тырнақалды туындысын да ұсынып үлгерген.