PATRON OF THE ARTISTS AWARDS!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дженнифер Энистон құрбылары Кортни Кокс және Лиза Кудроумен бірге «Patron of the Artists Awards» шарасында көзге түсті! Кешке келген сұлулар, құмары қанғанша арнайы жолақ үстінде әбден суретке түсті.

Бұл сәтті, Леонардо ДиКаприо бастаған серілер де бос жібергісі келмегендей.

Грег Берланти, сценарист, режиссер:

- Мұндай шаралар киногерлердің бас қосуы үшін керемет сылтау! Мәселен бүгін әріптестерімді көріп, оларман сөйлесіп, бір қуанып қалдым. Сондықтан, марапат алу маңызды емес дер едім.

Марапат демекші, киноактерлар гильдиясы ұйымдастырған бұл кеште, жүлде Дженнифер Энистонға бұйырды. 50 жастағы өнер иесі, өзге әртіптестеріне шалқар шабыт сыйлағаны үшін ерек қошаметке лайық деп танылғанды. Себебі, бикештің қайырымдылық істері көпке үлгі.

Дженнифер Энистон, актриса:

- Актриса атану менің балалық шағымнан бері келе жатқан арманым еді. Сол мақсатым жүзеге асып, өзге игі істердің орындалуына түрткі болды. Еңбегімнің еленгені үшін қуаныштымын.

Ал, Леонардо Дикаприо болса, бұл кеште жақын досы – Марк Руффалоны құттықтап қайтты.

Марвел жанкүйерлері арасында «Халк» кейпінде етене таныс, Марк Руффалоның да марапатты еншілеуіне игі істері себеп болған көрінеді.

Қысқасы бұл кеште, жүрегі кең, қолы ашық әртістер назардан тыс қалмады.