Әзімбек Байлиннің актерларға ақы төлемейтіні рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеке әншілікті қолға алып, арасын суытпай бірнеше клипті таспалап үлгерген Әзімбек Байлин, бүгін тағы бір тың туындының түсіріліміне кірісті. Әншінің сөзінше, отандық шоу-бизнесте бұрын соңды болмаған дүние әзірлемек. «Тың бағыттағы тамаша туынды болады» деп отыр Әзімбек.

Әзімбек Байлин, әнші:

– Бұрын соңды Қазақстанда мұндай клип түсірілген жоқ шығар деп ойлаймын. Біреу білсе, біреу білмес менің өзім каскадерлыққа өте қатты қызығамын. Каскадерлық трюктар деген сияқты. Сол армандап жүрген трюктарымның барлығын бүгін клипта іске асырайын деп жатырмын.

Сюжет желісін жариялағысы келмеген әншінің құпиясын, актер Қабдол Тілеков ашып қойды. Артынша айтпау керек екенін ұққан ол, өкініп те қалды.

Қабдол Тілеков, әзілкеш:

– Әзімбектің досы болып қонаққа келеді екенбіз. Әйелімізбен. Келіп просто дастарханда отырады екенбіз. Оған дейін өздерінің бір ситуациялары бар. Бір бірімен қырылады, әйелімен төбелеседі. Бүтеді, сөйтеді. Айтып қойдым ба? Олай айтпау керек па негізі? Айтып қойдым енді. Ренжіме брат.

Елде жоқты жасау үшін, қомақты қаражаттың қажет екенін айтқан әнші: мұнда арзан дүние жоқ, - дейді. «Ән жатталып, клип көңілде қалады» деп отыр.

Әзімбек Байлин, әнші:

– Түсіріліп жатқан алаңның өзі де қымбат. Актерларым да қымбат. Әнім де қымбат. Бәрі қымбат. Нақты соммасы енді бір... Қатты қымбат көліктің де емес, арзан көліктің де емес, орташа деңгейдегі көліктің бағасы кетіп жатыр.

Көлік сатып, клип түсіретін әншінің актерларға ақы төледім дегенін Қабдол жоққа шығарды. Ол ешқандай гонорар сұрамапты. Ұсыныс түскеннен бірден келіскен. «Себебі қызығушылық басым болды» дейді әзілкеш.

Қабдол Тілеков, әзілкеш:

- Ондай гонорар ештеңе алып жатқан жоқпын шынымды айтсам. Мен бұл клипқа тегін түсіп жатырмын.

Есті әнді елге жеткізе алып жүрген әншінің, бейнебаяны да қалың көпшіліктің қапелінде қаларына шүбә мен шек келтірер ешкім жоқ. Тек ән қалтықсыз тыңдарманын таба алса болғаны.