Төсін жалаңаштаған депутат-сәнбике! Динагүл Тасованың бүгінгі бейресми лақап аты осы! Дегенмен де, ол қазірде халық қалаулысы емес. Сылқымға мандат бір жылға ғана берілгенді. Кереку өңірінде өткен фэшн-шарада бұрымды тағы да көкірегін көрсетіп шықты.
Дегенмен, алғашқыдан қарағанда бұл жолы хейт азайды дейді сылқым.
Динагүл Тасова,сәнбике:
Жаман сөз айтқан адамды көрген жоқпын мен мысалы. Показдардың бәрінде тек қана алғыс, тек қана мақтау, қосымша шақырылымдар. Өздерінің ата-аналары шығып жатыр жас қыздар-балдардың. Олар маған емшек ашқаным үшін қарап жүрген жоқ. Олар білікті маман екеніме көздері жеткені үшін маған солай жазып жатыр. Әйткенмен де, алғашында осы батыл қадамы үшін сүйіктісі сәнбикені өлімші етіп сабап тастаған болатын.
Динагүл Тасова, сәнбике:
– Ол жігітпен жүрмеймін. Бір жылдан асып кетті менің онымен ешқандай связім жоқ. Кешегі күнге дейін артымнан жүгіріп жүрді, кешірім сұрап. Соның өзінде мен теріс айналып қарамай кеттім. Неге? Өйткені, оныкі дұрыс болмады. Эротикалық бағытта түрлі фотосессия жасап, бейнебаян таспалау Камшат Жолдыбаеваға да таңсық емес!
Кәмшат Жолдыбаева, әнші:
- Жаңашылдық, ерекшелік бұл әрқашанда сынға алынады. Егерде сен бұрын-соңды болып жатқан іс-әркеттеріңді қайталап жүре берсең, ол ешқашан еленбейді, сынға алынбайды. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын. Біріншіден өзімді таң қалдыруға тырысамын. Кезінде, әлеуметтік желі «батырлары» MAXIM журналына фотосессия жасағаны үшін Қорлан Мәдидің де ит терісін басына қаптағаны есімізде.
Қорлан Мәди, сәнбике:
– Әйелдің денесі сондай нәзік, кербез, сұлу! Оны жасырып жүру – күнә деп білемін.
Өзі де бір сурет үшін талай сын садағына іліккен Мәдина Сәдуақасова, қазір жалаңаш жұлдыздарға жапа тармағай бас салу әдетке айналғандай.
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
- Өйткені, 5-6 жыл бұрын одан да зорын жасаған болатынмын фотосессияның. Бірақ білмеймін неге екенін осы суреттің соншалықты дау шығарғанын. Бұрындары жүрегімізге өте қатты жақын алатынбыз. Тіпті жылайтынбыз. Неліктен олай жазып жатыр, неліктен деп...
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Ең бастысы шектен тыс шығып кетпеу керек. Менің жалпы ұстанымым өмірдегі сол.