K-pop индустриясының басына төнген қара бұлт сейілмей-ақ қойды! Күні кеше камбэк алған Monsta X тобының басы дауға қалды! Осы күнге дейін бойзбендтің мүшесі Вонхоға құзырлы органдар «ұрлық жасады» және «есірткі қолданды» деген айыптар таққан еді. Енді, Starship Entertainment ресми түрде ұжымның мемберімен қош айтысатынын жеткізді!
Жанжалдың ушыға түсуіне, Юнг есімді желі қолданушының «Вонхо, ақшамды қашан қайтарасың?" деген жазбасы себеп болды. Арудың айтуынша, топтың мембері кезінде оның дүниелерін қолды қылған.
Бұл жағдайда «Monsta X»-тың адал жанкүйерлері де қол қусырып отырмақ емес! Фанаттар фандрайзингтік платформа арқылы, 25 мың доллар қаржы жинап, мемберді топқа қайтару үшін барын салуда! Тіпті олар, Таймс-сквердегі жарнамалық биллбордты жалға алып, Starship Entertainment-тен Вонхоны бойзбендке қайтаруды өтінбекші!