Италияда «Intimissimi» маркасы сән көрсетілімін өткізді. Ханшайымдарға арналған іш-киімдер топтамасын таныстыруда бренд подимуға танымал сәнбикелерді шығармаса да, қонақтар тізімімен ерекшеленген-ді.
Итальяндық сән үйінің су жаңа коллекциясын тамашалауға келгендер қатарында Ирина Шейк пен Сара Джекссика Паркер болды. Бұған қоса, Кьяра Ферраньи күйеуі Fedez-бен бірге бой көрсетті.
Ирина Шейк бұл жолы сән сахнасында жарқырамаса да, брендтің бет -бейнесі ретінде жарнамалық роликтердің басты кейіпкері. Әйгілі сәнбикеден бөлек, актриса Сара Джессика Паркер бұл марканың моделі атанды.
«Intimissimi»-дің нәзік жандыларға арналған іш-киімі «Victoria's Secret» компаниясының арқасында әлемге танымал. Бірнеше жылдан бері келісімшартқа отырған сән үйлері жиі коллаборция ұсынады. Тіпті, періштелер брендінің дүние жүзі бойынша 240 дүкенінде «Intimissimi»-дің топтамалары сатылымда.