«Шімән апа» образымен танылған актер Ерболат Төлеген кімге қапалы?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы журналист Бибігүл Дәулетбекқызын сотқа бергелі бері, Бибігүлге арызданушылар күрт өскен. Мәселен, «Шімән апа» образы арқылы танылған актер Ерболат Төлеген «еңбекақымды төлемеді» - деп айыптауда. Дәулетбекқызы актерді кезінде өзі продюсерлік еткен тележобаның жүргізушісі етіп таңдаған екен.

Ерболат Төлеген, актер:

- Июнь айында үш күн жүргіздім. Үш күнге 450 мың теңгеге келіскенбіз. Мен білген жоқпын бір күнде бес бағдарлама түсіретінімізді. Үш күнде 15 бағдарлама түсіріп тастадық.

Актер аталған соманың тек 250 мың теңгесін қолға алдым дейді. Сөзіне сенсек, қалған ақшасын сол күйі көрмепті. Енді үш күндік жұмысқа, келісім шартты талап етпегеніне өкініп отыр.

Ерболат Төлеген, актер:

-Келісім шарт болған жоқ. Өйткені себебі, ой не істейсің осындай әңгіме болды, өзіміз ғой. Келісім шарт болған жоқ. Үш күн бітті, кішкене конфликт болды. Жазбаған заты қалмады, өзіңіз білесіз оны.

Келісім шартсыз қызмет көрсетіп, ақшасын мүлдем ала алмай қалған сәнбике Айсуна Жұмабек те шағымданып келді. Бибігүл Дәулетбекқызының авторлық кітабының мұқабасына түскен осы сылқым. Енді жеті айдан бері өзіме тиесілі 500 мың теңге ақымды бермей әбден сенделтті дейді.

Айсуна Жұмабек, сәнбике:

- «Альфонс жігіттің тағдыры» деген кітапты өзіне айтар едім. Альфонс Бибігүлдің өзі деп айталатын едім. Өйткені, мен ғана емес барлығы көптеген адамдар хабарласты маған. Пост жазғаннан кейін мені де лақтырды деп. Енді жазбайсызба арыз десем, қаншама уақыт өтіп кетті. 15 жылдан бері алдап жүрген адамдар бар екен, солар хабарласты. «15 жылдан бері менің де еңбекақымды бермей кеткен», - деп.

Айсуна Жұмабек мұқабасына түскенімнен бөлек, тұсау кесер рәсімін түгелдей өзім ұйымдастырдым дегенді алға тартады. Жарты жылдан аса адал еңбегімнің ақысын ала алмадым деп үстінен ІІД арыз да жазыпты. Бірақ, құзырлы мекеме қылмыстық құрам жоқ деп кері қайтарған. Енді аудандық соттың көмегіне жүгінбек ниетте. Себебі, өздігімен бұл мәселені шешу мүмкін емес дейді.

-Алло,

-Да да!

- Бибігүл, мен Айсунамын.

- Кім?

Айсуна! Алло! Қоя салды. Менімен ол сөйлеспейді. Осылай басқа нөмермен де звондап көрдім, Айсунамын десем қоя салады трубканы, дальше сөйлеспейді менімен. Сондықтан анығын айта аламын, қашып жүрген адамның бірі деп.

Ал, журналист Бибігүл Дәулетбекқызының қорғаушысы сотқа берген күнде де қылмыстық құрам таппайтындарына сенімді. Себебі, Айман Омарова келісім шарттың жоқтығын негізге алып отыр.

Айман Омарова, Б.Дәулетбекқызының қорғаушысы:

-Сіз атап өттіңіз, анау-мынау деп. Мен олардың біреуін де танымаймын. Бірақ мен нақты білетінім, Бибігүлдің ешқандай заңсыз әрекетін көрген жоқпын мен. Әр айтқан әрекетін, айтқан сөзін қағаздармен дәлелдеп отыр. Яғни документтермен.

Айта кету керек, журналист Бибігүл Дәулетбекқызына қатысты бұл алғашқы дау емес. Әнші Гаухар Әлімбекова да оған деген өкпе-назын жеке парақшасы арқылы білдірген болатын.

-«Халықты көтермесем, сен шықпас едің. Жиналған ақшаның барлығы менің арқам» - деп, парақшасына да жазған. Өкпесін басында түсінбедім, жеме-жемге келгенде ұққаным, мәселенің барлығы ақшада жатыр екен. Жүрегіме ең батқаны, мені басында жақтап, кейіннен хайуанға теңеп, біраз жаққа апарып тастапты» - дейді әнші.