Осыдан 3 жыл бұрын, Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаты атанған Асылхан Төлепов таяуда ғана қызметінен бас тартты. Бірақ бұл туралы еш жерде тіс жармаған актер, алғаш рет мандатымен не себепті қош айтысқаны жайлы ашылып сұхбат берді.
Асылхан Төлепов, актер:
- Кеткен себебім, менің таңдауым керек болды бір жолды. Өзімнің жақсы көретін мамандығым сол арқылы жұмыс жасап өнер жолын таңдауым керек болды. Ол менің ең жақсы көретін жұмысым ол - театр, кино. Сол үшін мен келісе отырып, хат жазып өз өтінішімді білдірдім. «Мені өз еркіммен Депутаттықтан бас тартуымды, босатуларыңызды сұраймын» - деген сияқты, оны түсіністікпен қарады.
Өнер мен саясатты қатар ұстаған жас актер негізгі табыс көзім ол – шығармашылық деп отыр. Асылхан халық қалаулысы болған уақытында, пайда табудан бұрын, қалтасынан біраз қағылған көрінеді.
Асылхан Төлепов, актер:
- Мәслихаттық Депутат болу деген – ол қоғамдық жұмыс. Сен қоғамға пайдаңды келтіресін, сондай қоғамға қызмет етесің, одан ешқандай айлық жүрмейді және ешқандай премия, стипендия деген сияқты ештене жүрмейді. Керісінше сен өзіңнің қалтаңнан шығарып, азаматтық қабылдау күндерін өткізгенде өзің көмектесіп отыруың керексің.
Біраз уақыт болса да халықтың қамын ойлаған Төлепов, қолынан келгенше көмегін аямаған. Жалақысыз еңбек еткен сері, отбасымды асырау қиынға соқты деп отыр. Сондықтан да, ол кино мен театрдағы өнер ошағына қайта оралды.
Асылхан Төлепов, актер:
- Ешқандай өкініш жоқ, қуанамын сондай үлкен мектептен өткеніме алғысымды айтамын және де өзімнің Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбекке қала әкімі болған, қазір енді біздің «Нұр-Отан» партиясын басқарып отыр ағамыз деген. Енді мен ойлаймын ол ағаларымыз бізге сол
үлкен мүмкіншілік берді, сол мүмкіншілік бергендеріне көп көп рахметімді айтамын.
Бүгінде, Асылхан шығармышылығына шыңдап кіріскен. Бірден түсірілім алаңына аттанған актер, бірнеше жобада бой көрсетпек.