Селена Гомес қайта оралды! Америкалық әнші бірден екі бейнебаян ұсынып тыңдармандарын таңқалдырды. Соңғы уақытта көзден таса жүрген әнші, жеке өмірінде орын алған өзгерістер жайлы тың туындыларында сыр шерткен.
Гоместің су жаңа тректері жарық көргені сол-ақ еді, табынушылары оны экс-ғашығы Джастин Биберге арнаған деп сәуегейлік танытты. Еске салсақ, Селенаның бұрынғы сүйіктісі таяуда Хейли Болдуинмен заңды некеге отырып, дүркіретіп үйлені тойын жасады.
Ал, бірер сағат бұрын жарық көрген «Look At Her Now» клипі толықтай Селенаның ұялы телефонына таспаланған. «Apple» компаниясымен ерек коллаборация ұсынған Гомес, түрлі образда бой көрсетіп, тіпті ерекше
хореографиясымен де көзге түсті.
Гоместің кезекті «Lose You To Love Me» трегі болса лирикалық. «YouTube» платформасында бір тәулікте 20 млн-нан астам қаралым жинаған композиция, «Spotify»-мен «Apple Music»-те тыңдалым жағынан рекорд жаңартқан. Тіпті, туындыға алдын-ала тапсырыс толассыз түсіпті.
Селена енді, шығармашылығындағы үшінші әнжинағын әзірлеп жатыр. Еске салсақ, өнерпаз, 2015 жылдан бері альбом шығармаған болатын. Сондықтан, сылқымның жанкүйерлері жаңа үнтаспасының тұсауы кесілетін уақытта асыға күтуде.