Динара Сұлтан да, отбасы пен шығармашылығын қатар алып жүрген белсенді аналардың бірі. Бес баланы тәрбиелеп отырған ол, бәріне үлгерудің өз құпиясымен бөлісті. Бастысы, шапшаң болу қажет дейді ол.
Динара Сұлтан, әнші:
-Мен бауырсақ пісіріп жүрмін, үйде бала-шағам келіп қалды демалыстан, әжелерінің үйінен, 15 минутта экспресс мен мына жақа ұшып жолда боянып көйлегімді жолда киіп багажниктен алып сөйтіп үлгердім. Білмеймін, енді үлгеруге болады негізінде адамда талпыныс болса, ең бастысы талпыныс.
Келіндік міндетке келер болсақ, Динара енесіне сәлем салмайтынын жеткізді. Айтпақшы, әнші қазіргі күйеуінің екінші жары екенін айтып көпті таңқалтқан еді. Тіпті, өнер иесі осы күнге дейін тұңғышы бірінші некесінен екенін жасырып келген.
Динара Сұлтан, әнші:
- Ол сұрақтар маған көптен бері қойылған, қай жақа шықтыңыз? Кімге? Қалай? неше бала деп? Мен мысалы өзімнің жеке өмірімді ешқашан жария қылмаймын, сондықтан сұрақтар көп туындап жатады, бірақ осы сұхбаттан кейін, ол сұрақтар қойылмайтын болды.
Бүгінде Динара 3 қыз, 2 баланы тәрбиелеп отырған аяулы жар. Көпбалалы ана ретінде, бүгінде ол үлкен әулеттің түтінін түтетіп отырған аруларға мемлекет тарапынан көбірек көмек көрсетілуін сұрайды.
Динара Сұлтан, әнші:
-Негізінде, жеңілдіктер шыны керек аз Қазақстанды көп балалы аналарға, мен соны негізі сұрағым келеді енді әрине көмектесіп жатыр мен онымен мысалы пайдалануға мен өзім ұят көремін мысалы өйткені мен Құдайға шүкір ақшасы несі жетіп жатырған жерде тұрып жатырмын ғой енді, жерге шықтым деп айтуға да болады тұрмысқа.