Нұрсұлтан Есжан, тілші:
-Соңғы уақытта қазақша дубляждалған туындыларға отандастарымыздың қызығушылығы артуда! Мәселен, енді “Малефисента: Түнек әміршісі” картинасы ана тілімізде көрерменге жол тартпақ. Ал, Анджелина Джолиды дыбыстау үшін, еліміздің киногерлері актрисаның өзінен рұқсат сұраған көрінеді.
Гүлназ Әуесбаева, актриса:
– Сіздің дауысыңызды Анджелина Джолидің өзі ұнатқан дегені рас па?
- Рас. Бірінші бөлімі 2014 жылы шыққан кезде қазақ елінің мықты, беделді актрисаларымен бірге қатысып, сол кезде бағым жанып, Голливуд жұлдызының мақұлдауымен өттік.
- Қалай болады екен, Анджелина Джолидің, «Оскар» иегерінің рөлін дыбыстау?
- Бұл актер үшін керемет сезім, керемет өнер жағынан да, жалпы адам ретінде де, бір уақытта Голливуд жұлдызымен бірге, осындай үлкен тұлғамен, идеалды деп айтса да болады, әйел қауымы үшін.
– Жалпы, сол «Малефисента» кейіпкері мен екеуіңіздің араңызда бір ұқсастық бар ма екен?
- «Малефисента» кейіпкерімен әзірге.. Әзірге жоқ. Бірақ мен өзім дубляж саласында қызмет еткендіктен өзім кейіпкерді сезгенде ұқсастық табылады. Жалпы бұл сезілген кезде, керемет бір сәйкестік болады. Анджелинаның дауысы төмен, салмақты. Қазір енді үлкен отбасының анасы. Қазіргі өмірі кинодағы образына сай. Балаларына арналған фильм деп ойлаймын. Және де оның бір үйреніп, үлгі тұтарлық нәрселері көп.
Енді, актриса бірнеше жыл бойы Анджелина Джолиды дыбыстау құқығына ие. «Малефисента: Түнек әміршісі» қазақ тілінде көрерменге жол тартуы үшін, отандық киноөндірістің өзге де мықты мамандары күш жұмсаған.
Асан Мәжит, актер:
- Дубляж сәтті шығу үшін, мыңның ішінен сұрыпталып, іріктеліп шығу керек дубляж актеры. Кастинг қалай болды?
- Кастинг ойдағыдай болды. Бірақ, енді өкінішке орай мен кастингке барған, яғни жасаған актерым өтпей қалып, енді ол «Дисней» өткізбеген болып тұр да. Бірақ бақытыма орай одан да жақсы кейіпкер бұйырды.
– Малефисента фильмін дубляждау кезінде қандай да бір қиындықтар туындады ма?
- Қиындық. Қиындықсыз болмайды ғой енді. Менің ең қиналған жерім жаңағы Борра деген кейіпкер өте көп айқайлайды екен. Сондықтан мен айғайды бүкіл фильм кезіндегі айғайды 2- ге бөлдік. Яғни, жай сөйлеген кездерін жазып- жазып болып, бір айқайлап алдым да, жарты сағат демалыс алып, кішкене шәйімді ішіп, тамақты ретке келтіріп, демалдырып, сосын 2- ші жартысын жазып, соңында, айғайдың көкесін соңына қалдырдық. Кішкене дауысым отырып қалды. Сол кездерді кішкене қиындау болды.
Ал, қазақша сөйлеген Малефисента көпке ұнағандай. Картинаны алғаш болып, ана тілімізде тамашалаған өнер өкілдері «Дисней» мен отандық дубляж мамандарының тандеміне дән риза.
Анара Батырхан, актриса:
- Осындай фильмді қазақша дубляждау жалпы қазақ тілінде көрсету бұл бір үлкен- үлкен керемет нәрсе мен үшін. Айтарым, орысша көргеннен гөрі қазақша көрген бір әсерлірек сияқты. Әсерлі сөздер, әсерлі эмоциялар.
Ақерке Бүркітбай, «Асыл» тобының әншісі:
- Біздің актерлер енді профессионал актерлер ғой. Олардың дикциясы, барлығы, құлаққа майдай жағады. Өзіміздің ана тілімізде болғандықтан ол енді әсіресе. Сондықтан да барлық көрермендерді қазақша көруге шақырамын.