Тығыз кесте, тоқтаусыз концерттер мен жиі жолда жүру Назиманың денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймады. Әнші тіпті, өткен апталарда Қазақстандағы бірнеше концертін кейінге шегерді. Өнерпаз өзін асыға тосқан тыңдармандарынан ресми түрде кешірім де сұраған еді.
Назиманың жайын жақсы түсінемін дейді Серік Ибрагимов. Өзінің де концерт алдында денсаулығы сыр беріп, «мұрттай ұшқан» кездері аз болмаған. Бірақ, ауырдым деп тыңдарманын тостырып қоюға дәті бармапты.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Қарағанды обылысында концерттік іс-сапармен қыста былтыр барған кезде сол кезде ауырғанмын қатты шынымен де. Әр үйге барып, сорпа ішіп, ыстық шәй ішіп... Ерлік кәдімгі жанды дауыста беріп сол аталарымыздың, апаларымыздың батасымен әйтеуір елге аман есен оралдық.
Есесіне, Серік «бір бармағы бүгулі» ұйымдастырушылардың кесірінен жанкүйерлерінің алдында бірнеше мәрте ұятқа қалған.
Серік Ибрагимов, әнші:
- Семей, Өскеменде гастрольдык іс-сапар, ән сапар болған. Бір ұйымдастырушылардың андай жұмысының дұрыс емес болуынан. Жаңағы кішкене сондай бір өзінің кішкене-кішкене сондай несі бар екен, алдап кетуі деген сияқты. Адам естігеннен кейін солай тоқтатуға тура келеді екен.
Тәжірбиелі әнші Жанар Айжанова мұндай жағдайлардың жиі орын алмауы үшін алдын-ала сақтық шараларын жасау қажет деп отыр.
Жанар Айжанова, әнші:
- Мысалы, 1 ай ма 20 күн бұрын ба ауыстырамыз, әлі халық дұрыс хабарлана қойған жоқ сол кезде, келісіп келісім бойынша егер ауыстыруға болатын болса оны ештеме етпейді.
Зарина Омарова болса, ауырып қалса да сахнаға шығуға дайын. Қанша құлазып тұрсаң да, тыңдарман алдында сыр білдірмеу – кәсіби шеберлік дейді сылқым.
Зарина Омарова әнші:
- Бір екі рет болды, температурам көтеріліп қатты. Бірақ, бәрібір шыққанмын. Өйткені, енді біз халықты жинаймыз, оған билет сатылады, оған халық жаңағы концерт көреміз деп ақшасын төлейді. Сол себепті қандай кұлап жатсаңда сен сахнаға шығуың керек деп есептеймін.