Екі күндік демалыста желіні шулатқан осы видео. Танымал актриса Анар Батырхан құрбысы Айым Сейітметованың қалыңдық гүлін тосып алған еді. Анардың таласа гүл шоғын өзге арулардан тартып алуы көптің талқысына түсті. Актриса ақ келін атануға асық деп топшалады жұртшылық.
Анар Батырхан, актриса:
- Бар адам, бірақ әлі де оны танып білуімде емес мәселе. Кішкене өнер жолында жоспарым өте көп. Бірақ, 30 жасқа дейін бала табу деген үлкен жоспар, үлкен мақсат бар.
Дегенмен, сұлудың өзі шаңырақ көтеруге асықпайтын болып шықты. Көпшілік, оны отырған қыздар санатына жатқызғанымен, актриса мұндай сөздерге мән бермек емес.
Анар Батырхан, актриса:
- Осыдан бір апта бұрын Дубайдан ұшып келдім. Екі клип түсірдім, бұйыртса қараша айының соңында мен сіздер официалды түрде шақырып жатырмын, екі клипімнің тұсауы кесіледі.
Өнері өрлеген сәтінде танымалдылықтан қол үзгісі келмейтін Анар ғашығының барын айтты. Қазіргі жағдайын «қыз сүйген қалады, жігіт сүйген аладыға» - келтірді.
Анар Батырхан, актриса:
- Өнерге қатысы бар ия. Өнер жолы емес, өнерге бірақ қатысы бар. Әке-шешемнің айтуы бойынша өнер жолындағы жігітке тисең нұр үстіне нұр болады деген сөзі әлі де мына жерде, түйсігімде тұр. Сол түйсіктен кете алмай жүрмін.
Мансап биігіне жетпейінше, тұрмыс құруға экс-Джейрандық Фариза Ескермес асықпайды. Бірақ, «оған отырған қыз» «атағын» телитіндер көп.
- Отырғандар қыздар деп мен мүлдем ұнатпаймын. Былай айтады ғой бәрі, 25 жасқа дейін қыздар тұрмысқа шығып кету керек, шықпаса ой ол отырды деп айтады көбісі. Бірақ, 25 жасқа дейін сен өз махаббатыңды таппасаң, сен кімге шығасың?
Ерте жаста ақ босаға аттаған Зарина Омарова сахналық әріптестерін құптамайды. Екі баланың анасы керсінше, өнер емес отбасы үшін жан пида деп отыр. Тіпті, 8 жыл бойы декреттік демалыста отырып, сахнадан алыстағыны үшін бір сәтке бармақ тімстеген емес.
- Басты рөлді ұсынған тұғын, төрт ай жүресіз деді. Сол себепті өкінішке орай болмай қалды. Енді мен жанұям мен өнерді бірге алып жүрген қызбын. Сол себепті жанұяма көңіл бөле алмай сол себепті солай болды.