Бұдан былай әншілер концерттерде фонограмма қолданатыны туралы көрерменге алдын-ала ескертуі тиіс! Мұндай заң жобасын мәдениет және спорт министрлігі жасақтады. Бұл жаңалық майталман әртістерге майдай жаққандай.
Майра Ілиясова, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
- Қазір бізде 50 пайыз әншілер жанды дауыспен айтып жатыр. Мен мысалы ұстазбын, біз жанды дауыспен ғана айтамыз. Таңқалатын нәрсе емес. Ол күнделікті нәрсеге айналды.
Алайда, қалыпты дүниеге Ілиясованың жас әріптестері әлі де жатырқай қарайды. Жанды дауыста ән саламын деп, ұятқа қалған орындаушылар
Толқын Забирова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
- Барлығын кәсіби вокалистер үйретеді. Егер де оған барып, үйренемін десеңіздер әрине есік әрқашан да ашық, үйренетін жерлер бар. Бірақ та көбісі оны инемен құдық қазғандай еңбек екенін біле тұра, жалқауланып, көбісі бүгінгі қазақ эстрадасы сондай сауатсыз әншілер көбейіп кетті.
Осылайша, Толқын Забирова «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» жүріп үйренген кей әріптестерінің бетпердесі шешілер күннің қыр астында екеніне қуанды. Алайда, техникалық мүмкіндік жоқ жерде, фонограммамен айтуға мәжбүрміз деп ақталған өнерпаздар да табылды.
«Кешью» тобы:
- Фонограмманы талап ететін жерлер болады, сондай кезде фонограммамен орындауға тура келеді әртістерге.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Бір нәрсе бар, сен ән айтып жатқан кезде көп кісілер сенің жаныңа келеді, суретке түседі, тіпті сенімен билеп кетеді. Бірақ, қазір барлығы көшіп жатыр жанды дауысқа.
«Қысқасы, көш жүре түзеледі деп сенгеніміз жөн болар» дейді Мадина. Ал, қолға алынған жаңа заң бұл көштің тезірек түзелуіне септігін тигізетіні сөзсіз.