Жандос Айбасов өзінің жанкүйерлерімен ерекше форматта кездесу ұйымдастырды. Кешкі атмосферада келушілермен әңгіме-дүкен құрған актер, «Я тебя люблю» фильмі жарық көргелі бері, көптің өзіне деген қызығушылығы оянғанын айтады.
Жандос Айбасов, актер, каскадер:
- Көбінесе, мақтап жатыр, керемет деп жатыр. Бірақ арасында да жаңағы ұнамаған адамдар да бар. Енді «у каждого свой вкус» дейді ғой. Әр адамның өз киносы бар.
Жандос актер ғана емес, шебер каскадер. «Nomad Stunts» ұжымының мүшесі, енді өзін продюсерлік қырынан танытпақ. Айбасов, режиссер Ернар Нұрғалиев және оператор Азамат Дулатовпен бірігіп «Ты не поверишь» атты трэш-комедия әзірлеуде.
Жандос Айбасов, актер, каскадер:
- Жаңа жанрдағы кино. Енді ертең қалай жұрт қабылдайды біз білмейміз. Бірақ бізге, ұнап тұр казіргі таңда. Ондайдан қорықпау керек жаңа жанр ашу керек. Қазір комедия көбейіп кетті той жайлы, жаңағы құдалар жайлы. Бәрі жаңағы біздің менталитетке барып ұрылады.
Осылайша, Жандос тың жанрда кинонарықта тәжірбие жасап көреміз деп отыр. Себебі, сапасыз фильмдер санының артуы актерді жиі толғандырады.
Жандос Айбасов, актер, каскадер:
- Біздің кино ол эксперимент. Егер де қазір осы біздің киномыз жақсы болып шықса, ертең көресіздер көп компаниялар, осындай кино түсіре бастайды.
Айбасовтың шығармышылығымен қатар, жеке өмірі де көпке қызық. 30 жастан асқан сері әлі күнге дейін отау құрмаса да, сүйіктісі барын жасырмайды. Төрт жылдан астам Марина Карпыкова есімді фэшн-фотографпен көңіл қосқан актер, үйленетін уақытымды ата-анам шешеді деп отыр.
Жандос Айбосав, актер, каскадер:
- Енді білмеймін енді бұл сұрақты егер де менің әке-шешем қойса, жарайды енді. Әке-шешем енді ондай сұрақтар көп қоймайды. Білмеймін енді, әке-шешем өзі біледі, қашан үйленетінімді, қашан той жасайтынымды.