Отандық рэперлердің шығармашылығында шектеу жоқ. Музыканттар тректерінің мәтіне балағат сөздерді қосуды трендке айналдырған.
Bonapart, жас әнші:
- Менің ойымша, әртіс егер өзіне ұнаса, егер өз образын солай, адамға көрсетіп отырса, беріп отырса. Міндетті емес, әрбір адам өзі басы бар жаңағы ол адамның жақсысын немесе, жаманын алады әртістен.
Бонапарттың репертуарынан да тыңдарман боқауыз ести алады. Бастапқыда ата-анасы музыканттың мұндай қылығына қарсылық та білдірген.
Bonapart, жас әнші:
- Басында енді ата-анам әрине музыкаға кішкене «скиптически» деп айта салайықшы, кішкене сондай болған отношениясы. Бірақ қазір, тьфай-тьфай өте жақсы қолдайды. Қандай маттар не болмаса да, өз өлеңіңді істеп, дамыта бер деп.
Ғаламтор арқылы танылған музыканттар, шығармашылықта – еркіндік болуы тиіс дейді. Сонда ғана сапалы дүние ұсына алатындықтарын алға тартады.
IntroVert, жас әнші:
- Бұл мәдениет, оның шегі жоқ. Хип-хоп әлемі о бастан, өмірдегі бар мәселелерді музыкамен жеткізудің бір тәсілі болды. Сондықтан рэперлер трекке түрлі балағат сөздерді қосса, онда тұрған ешнәрсе жоқ. Олар өмірде қандай, өнерде де сондай болғысы келеді. Ешқандай бетпердесіз.
Сахнада шынайы болғысы келетін Интроверттің, рэппен айналысқанына 4 жылдан асқан. «Шығармашылығыма жақындарым қарсы болады деген қорқынышпен өнерімді құпия ұстап келдім»,- дейді сері.
IntroVert, жас әнші:
- Алғашында мен ата-анама музыкамен айналысып жүргенімді айтқан жоқпын. Қалай танымал бола бастадым жасырыну қиынға соқты. Себебі гастрольдік сапарлар болды. Білген сәтте таңқалды әрине.
Талай жанның кумиріне айналған өнерпаздар – жастарға үлгі. Өздері бұл жауапкершіліктің жүгін жақсы сезінеді. Алайда, рэперлер дөрекі сөзді қолдану қалыпты жағдай деп отыр.