Айсара Бисенова, тілші:
- Биыл Қазақстан атынан Рүстем Әбдірашовтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ» толықметрлі картинасы «Оскар»-ға үміттілер қатарында. Жалпы, тарихи туындының бұл жетістігі жайлы біздің әртістер хабардар ма? Қазір сұрап көрейік.
Айсара Бисенова, тілші:
- Биыл Қазақстандық кино туындылары арасында «Оскардан» қай картина үмітті?
- Шынымды айтсам білмейді екенмін. Осы фильмдер кіреді ғой ішіне? Қандай кинолар бар?
- Соңғы кинолар.
- Шынымды айтсам білмейді екенмін, қазіргі кино әлеміне, подсказка бар ма?
- Тарихи кино.
- Тарихина кино.. Ішінде «Жаужүрек мың бала» бар ма?
- Жоқ.
- Томирис.
- Томирис үлгермеді.
- Білмедім.
- Қазақ хандығы.
- Аааа.
- Ал білесіз бе кім режиссеры?
- Жоқ. Қазақ хандығына сьемкаға шақырмаған мені, сондықтан білмеймін.
- Болмайды қарауға, бірінші сұрақ, биыл Қазақстандық кино туындылары арасында «Оскардан» қай картина үмітті?
-«Қазақ хандығы» ұсынылды дейді. Білмеймін енді.
-Дұрыс жауап бердіңіз ғой.
- А мен сонда, табуым керек пе?
- Иә.
- Онда дұрыс жауап бердім.
- Менің білуімше «Алмас қылыш» туындысы Оскардан үмітті.
- Қазақ хандығы.
-Ал, режиссерын білесіз бе?
- Әрине. Рүстем Әбдіраш.
- Рүстем Әбдіраш.
- Рүстем Әбдірашев.
- Рүстем Әбдіраш.
- Біледі екенсіз ғой, онда басқа сұрақтарды қоя берейін. Басты рөлдерді кім сомдады?
- Еркебұлан Дайыров. Қателеспесем. Болды, басқасы есімде жоқ. А Габа бар, ой НТК-тағы Вузерімен айтып жатырмынғой. Асан Қырқабақов.
-Онда көп актерлар төбе көрсетті. Еркебұлан Дайыров, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әділ Ахметов.
- Енді барлық достарым, әріптестерім.
- Енді жалпы біздің кино және театр әлеміндегі майталмандарымыз.
– Фильм қай жазушы романы желісімен таспаланды?
- Шыңғыс Айтматов.
– Есенберлин.
- Оны шынымды айтсам білмедім. Өйткені, көбінде олар өздері жазды ғой деймін.
- Ілияс Есенберлин.
- Қандай күшті. Бес.
- Элементарно ғой, мен Казгуде оқығанмынғой.
- Ал, қай ғасырды суреттейді?
- 15 ғасыр, қазақ хандығы құрылған, 1456 жылы. Бір деректерде 56 дейді, бір деректерді 1465 дейді.
- Қателеспесем, шамамен 1830-1820 жылдар шығар.
- Он бес.
- Қазақ хандығының құрылуы 15-16 ғасыр. 14-15 ғасыр. 1465-66.
Еске салсақ, Рүстем Әбдірашев түсірген «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына «Шет тілдегі ең үздік фильм» номинациясына ұсынылды. Тарихи туынды, әйгілі марапаттың шорт-тізіміне ене ме, жоқ па әзірге белгісіз. Оның нәтижесі желтоқсанның 16-сы күні белгілі болмақ.