Ботокс, татуаж, блефорапластика – бұл қазіргі таңда сұлулықты көксеген көп бикештің арманы, не бастан өткерген тәжірибесі. Тіпті, ел алдында жүрген сылқымдар да пластикалық ота жасатқандарын жасырмайтын болған.
Маржан Арапбаева, әнші:
- Әрине, оны жасырмаймын. Ботокс не екенін білемін, мезотерапия не екенін білемін. Бетімді тартып, оталарға ешқашан жүгінбегенмін...ааа, жүгінгенмін, көзіме блефорапластика жасаттым. Көзімнің жоғары қабағын алып тастағанмын.
Ал, актриса Дариға Бадықова ботекс жасап, бетті жансыздандырып алудан қорқады. Әртістің бас қаруы – эмоциясы, сондықтан, актерларға кәсіби тұрғыда тиым салу керек, - дейді ол.
Дариға Бадықова, актриса
- Ботокс бізге запрещается, татуаж болмайды. Өйткені, сен образ сомдайтын адамсың қалай сен татуаж сомдайсың? Мысалы, сен ауылдың әйелін ойнайсың, не бір отбасының анасын ойнауың мүмкін да сен қалай татуажбен отырасың?
Зарина Омарова, әнші:
-Негізі жас келе берсе де, әдемі қартаю керек деп есептеймін. Өйткені, оның бәрі қазір білініп тұрады, көрініп тұрады. Қаншама қыздар жасап жүр ғой жас. Дұрыс емес деп есептеймін. Өйткені бәрі өз орынымен болуы керек.
«Бетіме пышақ тұрмақ, иненің ұшы да тимеді» - деген Зарина Омарова, табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейтінін алға тартады. Ал, Жанар Айжанова пластикалық ота көмегіне оқыс жағдайлардың құрбаны болғанда ғана жүгінуге кеңес береді.
Жанар Айжанова, әнші:
-Мысалы жол апатына ұшыраған болып, иә бетіне жара шыққан болып тыртық қалған болса, оған ешкім ештене... Мұрнын сындырып алса, құлап оны жасауға болады. Ал, себепсізден себепсіз қазіргі жас қыздардың өнер жолындағы, өнер жолындағы емес, айдаладағы жүрген адамдардың мен жыным келеді.
Дегенмен, әншінің бет күтіміне қатысты өз құпиясы бар. 17 жылдан бері тек сүлікпен емделеді екен.
Жанар Айжанова, әнші
- Мен жылына 2 рет сүлік саламын бетіме, жасырмаймын. Бауырыма саламын, бетіме саламын. Желке саламын. Тұз жиналады дейді, рахатын көріп жатырмын 16-17 жыл болды. Ол енді табиғи процесс. Оған ешкім ештеңе демейді. Оны пайдалы деп айтады.