Кино әлемінің жаңалықтары жетерлік! Мәселен, Зои Кравиц «Женщина-кошка» атанды! Америкалық актриса «Бэтменнің» кезекті бөлімінде басты рөлдердің бірін сомдамақ.
Батыстық таблоидтардың хабарлауынша, «DC Comics» кейіпкерінің роліне Зоидан өзге, Ана де Армас, Элла Балинска және Эйса Гонсалес сынды актрисалар үміткер атанған. Талантты арулар арасынан суырылып шыққан Кравиц бұған дейін 30-дан астам фильмдерде бой көрсетіп үлгерген-ді. Осыған қарағанда, бикештің мол тәжірбиесі оң септігін тигізгені анық.
Еске салсақ, «Бэтменнің» образы Роберт Паттинсонға бұйырған еді. Ең жас суперқаһарман атанған актер аталмыш франшизаның оныншы бөліміне таңдалды. 2021 жылы ғана көрерменмен қауышатын Бэтменнің, сценарийі мен режисерлық тізгінін киногер Мэтт Ривз ұстайды.
«Marvel»-мен біржолата қош айтысқан кіші – Роберт Дауни көрерменімен қайта қауышады. «Темір адам: Дәрігер Дулиттлдың ғажайып саяхаты» филімінің трейлерін жарыққа шығарды. Әйгілі «Кек алушылардың» бірі бұл жолы мал дәрігерінің кейіпіне енген. Шытырманға толы фэнтези, келер жылы үлкен экрандарға жол тартады.