Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі мен Айқын Төлепберген қатардағы жауынгер атанды. Дегенмен, жігіттердің әскери форма киіп, казарма тәртібіне бағынуы бір-ақ күнге созылады.
Сарбаздармен сап түзеген Қайрат Нұртастың айтуынша, әскерге бару бала арманы. Алайда, кішкентайынан өнер жолына түскен әнші гастрольдік сапарлардан қолым босамады деп отыр.
Қайрат Нұртас, әнші:
- Ия, мен әскерге бара алған жоқпын. Себебі, менің қол астымда, 11 адам жұмыс істеді. Қазір Аллаға шүкір, 30-дан асады. Менде уақыт болмады. Негізінде, өзім қатты барғым келді. Өйткені, біз үйде үш баламыз. Бірақ енді қалай, елге танымал болып кеттім да, содан концерттер қойып, кештер қойып, уақытымды өткізіп алдым.
Ес білгелі қолынан қара домбырасын тастамай, айтыс аралаған Төреғали Төреәлі де әскерден шет қалғанына өкінеді. Қарулы күштер қатарына қосылуға денсаулығы жарамды болса да, «Ұлы дала баласы» білім қуып, әртістікке машықтануды жөн көрген.
Төреғали Төреәлі, әнші:
- Жоқ әскерге бармағанмын. Әскерге баратын уақытта мен Жүргеновте колледжде оқып жүрдім. Айтыспен жүрдім. Бірақ, годен болғам негізі. Шақырту алдым. Бірақ, концерттер қойып тастадық та, сонымен сахнада служит еттік.
Айқын, бозбала шақта бос жүрсе де, отан алдындағы борышын өтеуге асықпапты. Есесіне, әскери құжатқа ие. Сері жоғарғы оқу орнында, әскери кафедраны тәмамдаған.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Өзім әскерде болмасам да, офицер запасамын. Политехта оқығаннан кейін, жақсы ғой енді, профессия минаметщик, оның бәрін оқығанмын. Военный присяға қабылдағанбыз. Офицер запасамыз. Енді біз оқуды қуып кеттік, содан кейін өнерді қуып кеттік.
Ал, талантты әншілер сарбаздардың образында, бейнебаян таспалау үстінде. Жігіттер Қайраттың «Жүрегіңнен бір орын бер» трегін жанды дауыста орындап, оны «Казбат» фильмінің саудтрегі ретінде ұсынбақ.
Төреғали Төреәлі, әнші:
- Сол көзқарасым түзу болғаннан кейін келдім. Кішкене болса да енді, жігіттердің көңілін көтеріп кетейік, бір серпіліп қалатын шығар. Күнделікті тіршілікке қарағанда. Бір жағынан Айқынның бір ауыз сөзін тастай алмадым.
Асқар Ұзабаевтың тарихи фильміне, аталмыш әнді арнау Айқынның ұсынысы.
Режиссердың тың туындысында, 1995 жылы 7-ші сәуірде тәжік-ауған шекарасында орын алған қанды оқиға суреттеледі. Лентада актер Дәурен Серғазин басты рөлде. Шынайы оқиғаға негізделген драма, 21-ші қарашадан бастап үлкен экрандарға жол тартады.