Шетелге шығып кино түсіруді трендке айналдырған кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде, Нұрлан Қоянбаев «Бизнес по-казахски в Корее» фильмінің пост-продакшнімен айналысуда. Продюсер шытырманға толы комедияның ресми постерін әзірлеп, трейлерін көрерменге ұсынбақ.

Отандық ең табысты комедиялардың көшін бастап тұрған «Бизнес по казахски»-дің екінші бөлімі АҚШ-та түсірілгені есімізде. Оған Жеңісхан Момышев режиссерлық еткен еді. Бүгінде киногер өзінің жеке жобасын бастап, оны Мексикада таспалауда.

Жеңісхан Момышев, продюсер, режиссер:

-Кішкене халық демалып, күліп, өзіне-өзі күліп қайтсын деген оймен «Базар жоқ, Мексика» деген туынды, франшиза жасап жатырмыз. Бұл, Алла бұйыртса, 1 кинодан қалып қалмайды. Алла бұйыртса дүние жүзіне шығамыз.

-Бүгінгі кезде, киногерлер шетелге шығып, кино түсіруді трендке айналдырғандай. Бұл құбылысты сіз қалай түсіндіресіз?

- Енді сіз біле білсеңіз, бұл құбылысты мен бастағам. Бұл құбылысқа өзім куәгері болып, бірінші киноларды бастадым. Бұл әлі жалғасады.

«Шетелде фильм таспалауды трендке айналдырған мен» деген Момышевтің сөзіне Қоянбаев кәдімгідей шамданып қалды. Дегенмен, камера алдында сыр алдырмауға тырысып, сабырмен жауап қатты.

Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:

-Жоқ, енді Жеңісхан «Бизнес по казахски»-дің режиссері болды деп келісемін. Бірақ, енді барлық «Бизнес по казахски», шетелде түсіру ол өзім ойым болды, Америкада түсіру деген. Мен оның алдында Америкада оқып келгенмін, сол кезде бір арманым болған осы Америка құрама штатарында кино түсіру деген.

Дегенмен, шетелде түсірілген фильмдердің күн санап артуы Нұрланды еш уайымға салмайды.

Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:

-Жалпы Женісхан бауырыма сәттілік тілеймін. Ол жалпы шетелдік кино түсіруде қиын оңай емес. Сондықтан да киносы сәтті шықсын. Өз көрерменін тапсын деп тілеймін. Жалпы ондай бәсекелестіктен қорықпаймын.

Нұрлан Қоянбаев кезекті жобасын бастауға дайындық үстінде. Продюсер наурыз мерекесіне арнап су жаңа комедия таспалауға ниетті.

Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:

-Енді болашақта қазір енді біз, орысша аралас, қазақша кино түсіріп жатырмыз. Осы болашақта мен өзім дайындалып келе жатырмыз, 100 пайыз қазақ тілінде кино түсіру деген. Осы наурыз айына дайындап жатырмыз.

Ал, «Бизнес по казахски в Корее» лентасын киномандар жаңа жыл қарсыңында көре алады.