«Томирис» тарихи туындысы жарыққа шыққалы, Альмира Тұрсын халықтың жіті назарында! Тіпті, Тұмар патшайымды өмірде көру үшін, кей жанкүйер оның жұмысына іздеп барады екен. Еске салсақ, актрисаның негізгі мамандығы – коуч-тәлімгер.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Кейбір адамдар Томириске қарап, Томириспен танысайық деп сондай сұрақтармен келгенде, енді мен психолог коуч сияқты түсінемін де айтамын, бір запрос маған коучқа ғана шықса, сондай клиенттерді аламын. Тек қана әңгімелесіп, танысып адамдармен коуч ретінде кездеспеймін.
Ал, кімде-кім психологиялық кеңеске мұқтаж болса, коуч-маман ретінде Альмираның есігі есігі әрдайым ашық. Бүгінде, танымалдылығы шарықтағанымен, сылқым сабақтарының құнын қымбаттатуға асықпайды.
Альмира Тұрсын, актриса:
-Менде мысалы, 10-15 мың теңге тұрады бір сағат, бір-бір жарым сағат.
Сондай-ақ, Альмира желідегі жеке парақшасына жігіттер қауымын кіргізбейтіні белгілі. Актриса бұл қылығын жарының қызғанышымен байланыстырмауын сұрайды.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Мен парақты ашқанда, ол тек қана жұмыс мақсатымен аштым. Қыздарға, әйелдерге аштым, себебі мен әйелдерге арналған коучпын. Менің парақшам әрі-бері жүретін нәрсе емес, енді менің жеке өмірім, ойым. Сол үшін мен соны қолдау, қоршап жүрмін.
Альмираның өзі үшін, бұл өмірде күйеуінен асқан кеңесші жоқ. Актриса әр ісін, жарымен ақылдаса шешеді.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Ол мені жақсы көрсе де, бірақ ол шындық пікірін айтады. Сол фильм көргенде мен сол ең біріншіден оның пікірін сұрадым. * Ол өте риза болды, оған өте ұнады. Мені мақтап, енді кейбір кезде критикасын айтты.
Ал, көп ұзамай Тұмар патшайымды ерек образда көруіміз мүмкін! Актриса, жаңа жобаға білек сыбана дайындалуда.
Альмира Тұрсын, актриса:
- Менде қазір жаңа проект бар, мен сол проектіге түссем, жұмыс жасасам өте қуанышты боламын, өте риза боламын. Жеке өмірім бар, балам, күйеуім, сол отбасымен айналысып, оқуымды оқып. Мен әрқашан оқу тауып, оқуда жүремін.