Гелендваген, тапанша, сигара мен гангстер арулар! Айым Сейітметова, жақын құрбыларын жинап, елден ерекше хэн-пати ұйымдастырды. Актриса ақ келін атанбас бұрын, көңілін барынша көтеріп қалғысы келгендей. Сондықтан сылқым, бұл күнде аса көңілді.
Той алдындағы, атаулы шарада Айымнын жанынан туған әпкесі Айша, құрбылары Жанель Мақажан мен Анара Батырхан да табылды. Меймандар қара түсті киім кисе, кеш иесі қалыңдық ретінде ақ түсті образды таңдаған.
«Мафия» тақырыбын негіз еткен кештің көркін жігіттерден жасақталған бишілер қыздыра түскендей. Ал, сылқымдардың қолынан суық қару бір сәтте түспеді.
Ал, той қамына кіріскен 22-жастағы арудың өзі, бұрындары 23-24-ке келгенде тұрмыс құратынын айтқан еді. Ол кезде Айым, Вахид есімді актермен көңіл жарастырып жүрген.
Айым Сейітметова, актриса:
- Ойдағыдай тұрмысқа шығатын жасым 23-24. Осы аралықта тұрмыс құрғым келеді. Балалы болғым келеді жиырма беске дейін.
Айымның болашақ жары – Талғат есімді бизнесмен. Сері Алматыдағы белді караоке бардың бірін басқарып, қаладағы бай-бағландар баратын көлік жөндеу орталығының құрылтайшысы. Еске салсақ, күйеу жігіт екінші рет отау құрмақ.