Бұл бейнетаспадағы 20 жасар бойжеткеннің шын есімі Мөлдір Есембек екенінен көпшілік бейхабар. Тек сахналық лақап аты Say Mo деп таниды.
Оған қоса, сылқым өз аудиториясына өнерінен гөрі батылдылығымен жақсы таныс. Әсіресе, Ресейлік «Black Star» продюсерлік орталығы ұсынған 10 жылдық келісім шарттан бас тартқаннан кейін, оның өміріне қызыққандар саны күрт өсті. Осы тұрғыда «керемет мүмкіндікті жіберіп алды» - дегендердің санында шек жоқ. Содан бері, бойжеткеннің өнері мен өмірі көпшіліктің назарында.
Жуырда жұртшылық Say Mo -ны танымал актер Шәріп Серікпен қоса бастады. Жиындарда бірге төбе көрсетуі жиілеп кеткеннен кейін, фолловерлері екеуінің арасында сезім бар екеніне сенімді еді. Бірақ, актер де, әнші де ресми түрде әлі күнге дейін араларында махаббат оты маздағанын мойындағысы жоқ.
Айсұлу Ахимова, нумеролог
- Психологиялық тұрғыда, бұл заңдылық. Себебі, сезімдері шынайы жандар ғана, оны жасырып, қарым-қатынастарын сақтап қалғысы келеді.
Танымал нумеролог Айсұлу Ахимова Сей Мо мен Шакентидің жүректері табысқанын жоққа шығармайды. Сондықтан, жуырда шоу бизнестегі бойдақтардың саны азайып той болып жатса, таң қалмаңыз!
Айсұлу Ахимова, нумеролог
- Егер бұл жұптың қарым-қатынасы 22-23 сәуірге дейін созылса, сол сәтте той туралы айтуға болады. Сандар арқылы келесі жылдың екеуі үшін де жақсы екенін көріп отырмын. Қазір 50 де 50. Сондықтан, дәл қазір сезімдерін жұрт назарынан таса ұстағаны дұрыс.
Нумерологтың қос ғашықтың туған жылы мен күндеріне қарап түйгені осы. Егер жұлдызды жұп сәуір айына дейін бірге болса, арты үйлену тойына ұласуы әбден мүмкін!