Медиа тұлғалардың басым бөлігі «махаббат хикаяларын» жеті қат сандықта сақтағысы келеді. Барынша қарым-қатынастарын құпия қалдыруды көздеген – Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаеваның бұл қолынан келді. Олардың ортасында махаббат оты маздағанын көпшілік Әсел ұясынан ұшқан күні бір-ақ білді. Тіпті, біз бір отбасымыз деп жиі ұрандататын «Ringo World» ұжымының өзіне ғашықтар ұзақ уақыт сыр білдірмеген.
Аян Бірбаев, «Ringo» тобының әншісі:
- Үйленіп жатқанын 3 апта бұрын ғана білген адамбыз. Сондықтан, айтпай жүрген. Үш апта қалғанда бізге жария етті. Бұның да белгілі себептері бар, бірақ шыны керек бізге айтпады. Дәл осы кадрларды біз Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбетованың махаббат хикаясы бастау алған сәтте таспалап алғанбыз. Араларында сезім барын олар ол шақта барынша жасырып баққанды.
Ақбота Сейітмағанбетова, «КешYou» тобының әншісі:
– Аяғым ауыр болса да, болмаса да, тұрмысмысқа шықсам да, шықпасам да айта алмаймын. Өйткені, менің жеке өмірім жеке болып қалуы қажет. Егер, жұбайым жәрайды, тұрмысқа шықтым деп айт десе айтамын.
Дегенмен, жұбайының рұқсатын күтпей-ақ бұл жаңалық жер-жаһанға тарап үлгерді. Оның қасында, Айқын мен Жұлдыз тұңғыштары дүниеге келіп, бір жасқа толғанша жеке өмірлерін жасырын ұстай алды. A.Z. мен Әсияның махаббат хикаясы да алғашында жасырын болғанды. Дегенмен, еagles-дан сыр сақтау мүмкін емес сынды. Сондықтан, A.Z. сүйіктісінің барын айтып, патилерде қол ұстасып бірге төбе көрсеткені есімізде. Артын ала қашан шаңырақ көтересіңдер деген сауал қарша борады.
A.Z. «Ninety one» тобының мембері:
- Ондай нәрселерге дайын емеспін де. Мен жай ғана жақында өз жанкүйерлеріме ашылған болатынмын. Менің қызым бар деп. Сосын, енді сол сәтті пайдалану керек қой. Мен сол қызға арнадым деген сөз емес. Дегенмен, олардың сезімдері көп ұзамай сөнді. Қос ғашық қазір ат құйрығын үзіскен.