Элизат Берікова «Кешью» тобынан кеткелі бері сахнадан емес, кино әлемінен жиі көріне бастаған-ды. Таяуда ғана ана атанған ару, декреттік демалысты ұзаққа созбай, түсірілім жұмыстарына кірісіп кеткенді.
Берікова аяғы ауыр кезінде құрбысы Сара Амангелдімен бірге фильмге түсіп үлгерсе, тұңғышын босана сала Рашид Сүлейменовтің «Зеркала» атты туындысында да бас кейіпкерлердің бірін сомдады. Кішкентай сәбиімен 1 айдай түсірілім алаңында жүрген Элизат, біраз қиналғанынан да жасырмайды.
Элизат Берікова, «КешYOU» тобының экс-әншісі:
-Съемкалар таңғы азанға дейін болып жатады. Мен таңғы азанда, үйге жұмыстан келіп жатсам, күйеуім жұмыстан шығып бара жатады ғой. Сонда айтады нең бар еді сол киноға түсіп, киноға түспей-ақ қойсаң болатын еді ғой деген сияқты кішкене, ренжістер болды.
Шығармашылығымды жалғастырамын деп жақындарын ренжітіп алған Элизат, бүгінде біраз үнсіздік жариялаған. Перзентімнің буыны қатсын деген экс-кешьюлік ару, ізденісте. Әнші сахнаға оралу жолдарын қарастырып жүрсе керек.
Элизат Берікова, «КешYOU» тобының экс-әншісі:
-Мен продюсермен жұмыс жасаған кезде, бізге бәрі дайын келетін. Бізге дүниенің бәрі алып келіп, шәйнап әкеп беріп бізге тек қана жұту керек болатын. Енді кішкене қиындау өйткені, шығармашылығыңда қандай ән айту керек, қандай, дұрыс бағытты таңдау керек сол кішкене маған қиынға түсіп жатыр.
Отбасы мен шығармашылығын қатар алып жүруді көздейтін Берікованың, демалысқа шығуы күйеуінің талабы. Соңғы кездері көпшіліктің көзінен тасада қалған бикеш, бастысы жақындарым қолдаса деп отыр.
Элизат Берікова, «КешYOU» тобының экс-әншісі:
- Ол кісілердің ешқандай қарсылық мен естіген жоқпын. Бірақ енді олар бала кішкентай болғаннан кейн кішкене айтты, енді кішкене қиындау болады ғой кішкентай баламен деген сияқты. Бірақ ол рас.
Элизат Берікова өзін сағынған тыңдармандарын да ұмыт қалдырмайды. Әнші өзінің музыкалық бағытын тапса, бірден жаңа тректер ұсынуға дайын.
Элизат Берікова, «КешYOU» тобының экс-әншісі:
- Бірінші басты, менің мақсатым, ол сол ән айту. Өйткені, ол менің профессиям. Соның оқуын бітірдім, ән айтудың. Кинодан да бірінші ол ән айту.
Ал, Элизаттың кино әлеміндегі еңбегіне қазан айының соңынан бастап жарық көретін «Зеркала» фильмі арқылы баға бере аласыздар.