Кино әлемінің де өз үздіктері анықталуда. Отандық көрермен өткен уик-эндтің топ жарған фильмдеріне баға берді. Кассалық табысы шарықтап тұрған – «Айдаһардың құпия мөрі» лентасы.
Алғашқы аптасында 57 млн теңгеден аса қаржыға кенелген фэнтези
Джеки Чан, Арнольд Шварценеггер сынды әйгілі актерлық құраммен жасақталған. Ресей мен Қытай елдері бірігіп таспалаған туынды, картограф
Джонатан Гриннің бастан кешкен хикаясын баяндайды.
Аспан асты еліне сапар шеккен бас кейіпкердің жолында түрлі құбыжықтар мен айдаһарды қара күшпен иемденіп алған зұлым патшайым кездеседі.
Дженнифер Лопес басты ролді сомдаған «Hustlers» фильмі бұл жолы екінші сатыда. 48 млн теңге кіріс көрген комедия түңгі ойын-сауық орталығында жұмыс жасайтын бишілер жайында. Олар, Уолл-Стрит қызметкерлерін тонауға шешім қабылдап, өздерін алдап кеткен байларды тақырға отырғызбақ.
Киносарапшылар бұл туындыда әсіресе 50 жасында бишінің образын мінсіз сомдап шыққан Джей Лоның өнеріне тәнті болған көрінеді.
Кинопрокаттың үздік үштігін «Yesterday» мюзиклі 46 млн-ға жуық теңгемен түйіндеп тұр. Ұлыбритания, Қытай және Ресей мемлекеттері бірігіп түсірген
лента «The Beatles» тобына арналған.
Джек есімді бас кейіпкер «The Beatles» композицияларын шырқап, жаһандық жұлдызға айналады. Сюжет желісі бойынша ол әйгілі топтың болғанын білетін жалғыз адам.