Париж аспаны тесіліп қалған ба дерсің! Сән апталығы басталған кешегі күннен бері мұнда жаңбыр шелектеп құйып тұр. Fashion өндірістегілерге қолайсыз ауа-райы кедіргі келтірсін бе? Street style фотографтар бағытынан жаңылмай, өз істерін әдеттігінше атқаруда.
Олардың алдында көлбең қағып, стильді киімдерін көрсетіп қалуға асыққан жұлдызды қонақтар да жетерлік. Бэлла Хадид тек подиумнан ғана емес, көшеде де жарқырап жүретінін көрсетіп, біраз мақтанғысы келгенді. Дегенмен, қаумалаған оққағалары сылқымның бұл ойын жүзеге асырғызбастан, ғимаратқа алып кіріп кетті. Есісіне, Тина Кунаки, Джордан Данн һәм рэпер Tyga фотографтардың көз қуанышы болды.
Таң атпай бастау алған Lanvin көрсетіліміне келген қонақтарға абырой болғанда қолшатырлар таратылып берілді. Ал, сәнбикелерге ашық аспан астында жасалған подиуммен малмадай су болып өтуге тура келді. Мұнда да басты жұлдыздар апалы-сіңлілі Хадидтер мен Виттория Черетти болды.
Брендтің креативті директоры - Бруно Сиалелли комикстерді коллекцияның басты ерекшелігі еткен. Геометриялық оюлар мен түрлі суреттер, ашық түсті топтама! Бұл – Lanvin-ның көктем-жаз 2020 жылға ұсынған стилі.