Арман мен Ашаның отау құрғандарына биыл төрт жыл. Үлгілі жұп көрінгісі келе ме, сырт көзге сыр білдірмеуге тырысады. Отбасында орын алатын кішігірім кикілжіңнің бәрі құпия қалуын қатаң бақылауда ұстайды.
Арман мен Аша, жұлдызды жұп:
- Енді семья болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болып тұрады. Ұрыс та болып тұрады, әр семья секілді. Бірақ, біз әзірше оның бәрін жеңіп шығып жатырмыз. Біргеміз, барлығы жақсы. Қазір Алла бұйырса тағы да бір сәбиді күтіп жатырмыз, қашан дүниеге келеді деп Ашаның аяғы ауыр. Енді бұйырса қыста деп жатырмыз.
Ерлі-зайыпты атанып, Асылымды тәрбиелеп отырған Арман мен Аша, осы төрт жылдықта болмысымыз өзгерді дейді. Қос ғашық үйленбей тұрып, табиғаттары мүлде басқа болғанын мойындайды.
Арман мен Аша, жұлдызды жұп:
- Енді жастығыма байланысты сондай бір ұшқалақтылығым болды. Арман айтқандай үнемі позитивті түрде, қазіргі таңда әйел затына тән және өзімнің жасыма сай өзімнің ұстанымым бар. Ал, Арман қалай өзгерді десеңіз, ол керісінше ашылған секілді, менің ойымша.
Шығармашылықтары мен отбасын, тіпті жеке бизнесті де қатар алып жүрген жұп, әрбір ісіміздің оңға басуы бір-бірімізге деген сенім мен махаббаттың арқасы дейді.
Арман мен Аша, жұлдызды жұп:
- Негізінде, біз қыз бен жігіт болып жүрген кезде Арман романтик деп ойламадым. Дегенмен, романтик болып шықты, таңқалудамын. Рас қой енді мен айтайын да және де қашан да қаламақысын ақшасын аямайтындығы мен үшін ол қуантарлық жәйт. Себебі ер-азамат өзінің жарын қашанда, қуанта білу керек деп ойлаймын.
Арман мен Аша «Ау жаным» бейнебаянын жарнамалау үшін, «ажырастық» деп желіні шулатқаны есімізде. Өздеріне көпшіліктің көңілін аударту үшін хайп қуған жұп, мұндай әрекетті енді қайталамаймыз деп отыр.
Арман мен Аша, жұлдызды жұп:
- Біз әдейі ештеңке жасамаймыз. Бұл хайп та әдейі болған жоқ. Аяқ-астынан шығып кеткен хайп. Солай болып қалды, енді хайп бола берсін. Енді болашақта ойндай хайп болмайтын шығар деп ойламйн. Өйткені ондай хайпты біз қуалаған адам емеспіз, өйткені жеткілікті екеумізге де хайп, Аша өзінің хайпы жетеді.